Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы дүкен – тұтынушы қолының ұзарғаны - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы дүкен – тұтынушы қолының ұзарғаны

Өткен жылдың желтоқсанында Пятигорск ауылынан ерлі-зайыпты Роман жəне Гелена Губайдуллиндер «Семья» деп аталатын жеке дүкендерін ашқан еді.

Қостанай университетін заңгер жəне экономист мамандығы бойынша бітірген жоғары білімді екі жастың шалғай ауылдан өз кəсібін ашуына не түрткі болды? Енді осыған келейік. «Балық терең суды, адам жақсы өмірді аңсайды» деген мақал бар. Ал, адамдардың аңсары болған жақсы өмірге қалай жетуге болады? Жұрттың бəрі жоғары білім алып, қолдарына портфель ұстап лауазымды қызмет атқаруға құлшынатын кеңес заманы бүгінде келмеске кетті. Нарық өз талабын алдымызға тартуда. Жасыратын не бар, пəлен жыл көз майын тауысып оқып, жоғары білім алып шыққан маманға қарағанда құрылысшы, аспаз, электрик, ұста сияқты жұмысшы мамандардың алатын жалақылары əлдеқайда жоғары. Кеңес заманында берілетін жеңілдіктердің ешқайсысы жоқ қазір. Нарық заманында əркім өз еңбегіне, қабілетіне ғана сенуі тиіс. Сондықтан, заман ағымын пайымдаған жандар портфель ұстап, жалақысы ауыз жарытпайтын қызмет атқарғаннан гөрі, табысы көп жұмысшы мамандығын игеруді, болмаса қолдан келсе кəсіпкерлікпен айналысуды жөн санайды. Жаңа ғана университет бітірген жас мамандар ерлі-зайыпты Губайдуллиндер де өз кəсібін ашып, бизнеспен айналысуға бел байлады. Осы ауылдың түлегі Роман жары Геленаны ертіп туған ауылына келіп, кəсіпкерлікке ден қойды. Күйеуінің бұл бастамасына Гелена да қарсы болған жоқ. Осылай- ша ерлі-зайыпты Губайдуллиндер өткен жылдың жазында жеке кəсіпкерлігін ашып, тіркеді. Содан кейін «Даму» бағдарламасы арқылы төрт жылға 2,8 миллион теңге жеңілдетілген несие алды. Ақшаға ауылда бос тұрған кірпіш үйді арзандау бағаға сатып алып, бір жағынан дүкен, екінші жағынан шағын дəмхана ашты. Қазіргі күні азық-түлік, өнеркəсіп тауарлары мен шаруашылық заттары сатылатын əмбебап дүкен жұмыс істеп тұр. Осы шағын ауылда төрт дүкен бар екен. Бəсеке жоғары. Дегенмен, Геленаның дүкенінде күнделікті тұтынатын тауарлар мол болғандықтан, келушілер де аз емес. Айтпақшы, дүкен жұмысын Гелена жүргізіп, дəмхананы Роман басқаруға өзара келісіп алған. Əзірге табыс тек дүкеннен ғана түсіп тұр. Дəмхананың ішкі əрлеу, жабдықтау жұмысы біткенімен, құрал-жабдықтар алу қажет. Құдай қаласа, таяу арада іске қосылмақ. 30 орындық шағын дəмханадан ауыл тұрғындары бос уақыттарында келіп музыка тыңдап, сусын, ыстық ас ішіп демалуларына ғана емес, туған күн, түрлі мерекелік шараларды өткізулеріне де мүмкіндіктері бар. Қаланың дəмхана-барларындай қазіргі заман талабына сай жабдықталған ғимараттың ішкі сəулеті көз тартады. – Ө з к ə с і б і м і зд і а ш ы п , б и з н е с п е н а й н а – лысқанымызға өкінбейміз. Алғашқы кезде біраз қиындықтар болар, дегенмен кəсібімізді аяғынан қойып алған соң бəрі де жақсы боларына сенемін, – дейді бүгінде тұрақты сатып алушыларын тапқан дүкен иесі Гелена Губайдуллина.

Қалкөз ЖҮСІП.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар