Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дендробақ демеу күтеді - АРҚА АЖАРЫ

Дендробақ демеу күтеді

Басқасын қайдам, дəл бүгінде Бурабайда жанайқайға басатын тұс келіп тұр. Нақтылай түссек, көп- салалы орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (Қазақ орман шаруашылығы ғылыми- зерттеу институты) дендробағына (түр мен тек қоры) қатысты мүшкіл хал осыны айтқызады. Төтесінен қайырайық, Қазақстанда орман тым аз. Оның үстіне жасыл белдеу қорының құрамын негізінен қайың, қарағай, емен, үйеңкімен шек- тей аламыз. Өсімдіктер əлемінің 17 пайызы ғана ағаш екен. Оның өзі көбінесе табиғаттың береген қолымен бой түзеуде. Сондықтан, «қара орманның» қалыңдауы адамның қамқор жанашырлығына тəуелді болып қала беретіні ақиқат. Міндет – барды еселеп, сұранысқа қажетті тұқым дайындау, жаңа түр мен текті молайту. Бұл орайда, басты тұтынушы бейқам отыр дегеніміз жараспас. Өткен ғасырдың басында-ақ, Бурабай орман техникумында дендробақ құрылып, өсімдіктердің 400 түріне ғылыми сынақ жүргізіле бастаған. Көзайым құндылықтың қайтарымы аз болған жоқ. Ең бастысы, өсімдіктер əлемін көркейтудің ғылыми жүйесі қалыптасты. Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаев Ақмола облысына 2007 жылғы 3 маусымдағы жұмыс сапары барысында аталған ұжымға арнайы ат басын бұрды. Бұл еліміз үшін қарбалас кезең еді. Міндет – Астананың «жасыл белдеуін» қалыптастыру. Осыдан болса керек, Нұрсұлтан Əбішұлы бірден қала іргесіндегі дендробаққа аялдаған. Елбасы негізгі орамдарды аралап көріп, директорға: «Иə, не айтасың?» дегені есімізде. Жалғыз ауыз сұрақтың астарында көптеген мəселе, орасан жауапкершілік жатқан еді. Орталық директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Болат Мұқанов Астананың жасыл белдеуін қалыптастырып жатқан кезде жас өскіннің түрі мен тегін, будандық аудандастырылуын, сұраныстағы тұқым дайындауды, оған қатысты ғылыми негіздемелер мен ұсыныстарды басшылыққа алу қажеттігін айтқан. Осыған байланысты жаңа міндеттер де жүктелгені түсінікті. Ғылыми-зерттеу институты Елбасы тап- сырмасын ойдағыдай орындап отыр деп айта аламыз. «Жасыл белдеудің» аумағы қазіргі күні 100 мың гектарға жуықтады. Онда Бурабай ғалымдарының жаңа патенттерімен өсірілген бағалы ағаштар, саялы өскіндер жайқалып өсіп тұр. Бұл бағыттағы ізденіс əлі де жалғаса беретіні анық. Тек əлеуеті мол ғылыми ордаға тиісті қамқорлық керек. – Осынау игілікті іспен жарты ғасырдан бері айналысып келеміз, – дейді орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директо- ры, академик Болат Мұқанов. – Профессор В.М.Савичевтің Бурабайдың орман орамдарын- да өсімдіктердің 500 түріне сынақ жүргізуге мүмкіндіктің бар екендігін дəлелдеген жобасы мақұлданып, 1960 жылы арнайы дендробақ құрылған еді. Оның аумағы 44,3 гектарды алып жатыр. Мұнда өсімдіктің 2 мыңнан астам түрі зерттелген. Бүгінде соның 30 ұялас тармағы мен 95 текті құрайтын 800 түрі сақталып қалды. Жағрапиялық тегін тарқатсақ, дендробақтағы өскіндердің 25,6 пайызы еуропалық, 22,5-і сібірлік, 21,1-і солтүстікамерикалық, 14,4-і қиыршығыстық, 9,2-сі жапон-қытай аумақтық, 7,2 пайызы ортаазиялық түп тамырға жата- ды. Олар ағаштар, бұталар, саялы өскіндер жəне жартылай бұтақ тарамдары болып, үш дəлізді төрт топқа бөлінеді. Ғалымдарымыз табиғатпен неғұрлым үйлесімді байланыс- ты қамтамасыз ететін бау-бақша отырғызу өнерінің қайталанбас негізін қалыптастырды. Дендробақпен қолтықтас орналасқан арборетум мен популетумның табиғи құндылықтарымызды еселеудегі орны да өлшеусіз. Мұнда жолы түскен кісі өсімдіктер əлемінің қиял-ғажайып құшағына еніп кеткен- дей тебіренері сөзсіз. Табиғаттың қаталдығына қарамастан, осынау 11 гектарлық алқапта аса құнды өсімдіктер жайқалып тұрады. Қазіргі сақталғанының өзі 350 түрді қамтиды екен. Алуан мақсатта пайдаланылатын ағаштарды айтпағанда, дəрілік шөптер, сан алуан гүлдер, саялы бұтақтар, жеміс-жидектердің қалыңдығы қайран қалдырады. Бүгінде Бу- рабай дендробағына қатысты 150-ден астам ғылыми еңбек жазылып, ұжымдық жинақтарды қоспағанда, 70-ке тарта кітап жарық көрді. Сондай-ақ, оннан астам кандидаттық жəне докторлық диссертацияның қорғалуы дендробақ жүйесінің маңыздылығын дəлелдей түсетіндей. Бурабай бүгін үлкен өзгерістер құшағында. Оған қуанғанымызбен де, көзқарастың біржақтылығы қынжылтады. Бəрінен де барымызды сақтауға дəнекер болып отырған ғылыми дендробақтың бағы тайғанын айтсаңызшы. Соңғы он жыл- да маңызды нысанның қаржыландырылуы жұтаңдап барады. Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы жоқтан бар жасап отыр. Ғалымдар да үздіксіз дабылдатуын қояр емес. Бірақ, селт еткендей серпіліс шамалы. Д е н д р о б а қ Ш о рт а н к ө л і н ж а ғ а л а й орналасқан. Щучинск қаласы тиіп тұр. Қараусыз дүниедей көрінгендіктен, адамдардың жанашырлық сипаттағы сана-сезімі де өзгере бастағандай. Жұрт бұрынғыдай шарбақты айналып өтуді қойып, төтесінен тартады. Жеміс-жидекті тəртіп сақтап, тəптіштеп теруді ескермейтіндер айрықша қорғалатын алаптың топырақ құнарына нұқсан келетінімен де шаруасы жоқ. Ит-құс пен малыңыз да өріп жүреді. Қаншама маңдай тер төгілген нəзік өскіндер күл-қоқысты көтере ме, сөлі кетіп қуарып барады. Тиісті күтім көрмеген бақ көз алдымызда жабайыланып қалғандай əсер қалдыратыны өкінішті. Сол себепті, дендробақты қалайда сақтап қалу мəселесі өзекті болып отыр. Бүгінгі өлшеммен қарасақ, оған соншалықты аста-төк қаражат жұмылдырылмайтынын ғалымдардың жүргізген е сеп-қисаптары аңғартады. Республикалық орман шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының басшылығы жұмысты қалпына түсірудің алғашқы кезеңінде ең бол- маса еңсе тіктер теңге бөлінуін сұрап, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, облыс, аудан əкімдеріне бірнеше хат жолдаған. Əзірше алдарқатқан аяқ доптың кері болып тұр.

Бақберген Амалбек,

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар