Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ағаш ектік екен, оны дұрыс күтіп, өсіре де білейікші - АРҚА АЖАРЫ

Ағаш ектік екен, оны дұрыс күтіп, өсіре де білейікші

Жыл сайын көктем шыға мыңдаған көшет отырғызылғаны жайында жарыса жазып жатамыз.

Ал, солардың қаншасы жетіліп, мəуелі ағашқа айналды, қаншасы қурап қалды, оны ешкім есепке алып жатқан жоқ. Өзіңіз күнде жүретін көшеге назар аударып қараңызшы. Көктемде еккен балапан қайыңдар, балғын теректердің қаншасы жапырағын жайып, қурап қалғанын бірден көрер едіңіз. Биылғы жаздың басындағы 15-20 күндік ыстықтан күйіп кеткен ағаштарға кейін толассыз көп жауған жаңбыр тақа сеп болмады. Дер кезінде ешкім суармағасын қураған көшет қайта көгермейді. Біз жыл сайын қыруар ақша шығарып, күш жұмылдырып егеміз. Онымыз көбінесе көз алдау үшін жасалған науқандық шара тəрізді. Көбіне көшет тамырын тиісті тереңдікке салмай отырғыза саламыз. Отырғызған ағашымызды суару керектігін де ескермейміз. Ал, т амырын тереңге с алмаған ағаш алғашқы жазда бүршік жарғанымен, аязы сүйекті қарыған қыс түскенде жер бетіне жақын жатқан тамырлары үсіп кетеді. Келесі көктемде қураған көшетті суырып алып, орнына жаңасын отырғызамыз. Осындай жай жылда қайталанады. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын облыс қалалары мен аудан орталықтарында отырғызылған көшет біткеннің уақытында күтім жасалмағандықтан, 40 пайызы ғана өсіп-өнеді екен. Кейде басы қурап қалса да, тамыры аман қалып, түбінен көк өскін шығып келе жатқан ағаштарды көріп қуанып қаламын. Мұндайда биыл күзге дейін көк шыбық болып, келесі жазда кəдімгідей бойлап өсіп қалады-ау, үш-төрт жылда үлкен ағаш болады деп топшылаймын. Сөйткенше болмай, бір күні шөп шабушы біреу келіп, шөпке қосып, жаңағы көк өскінді де шауып кетеді. Оның ойынша маңайдың бəрі теп-тегіс, тап-тақыр бо- лып тұруы керек сияқты. Келесі жылы тағы да мыңдаған көшет отырғызылып, миллиондаған қаржы бөлінеді. Биыл отырғызылған көшеттерді жұлып тастап, жаңа көшет отырғызылады. Осылайша жылда көгалдандыру одан əрі жалғасады. Жыл сайын əуреге түскенше, көшетті дұрыс отырғызып, оны уақытында суарып, өсуіне жағдай жасасақ, үш-төрт жылда қаламыз көк желекке оранар еді ғой. Өкінішке орай, бұл саланың маманда- ры осындай қарапайым жайды түсіне алмай келеді.

Мерген Тоқсанбай.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар