Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Грузияда екі күн қатарынан «шетел агенттері туралы» заңға қарсы наразылық шеруі өтіп жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Грузияда екі күн қатарынан «шетел агенттері туралы» заңға қарсы наразылық шеруі өтіп жатыр

— Грузия парламенті сейсенбі күні бірінші оқылымда мақұлдаған «шетел агенттері» туралы заңға байланысты басталған Тбилиси орталығындағы наразылық акциясы ушығып, екінші күнге жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Бірнеше сағат бойы мыңдаған адам қатысқан ереуіл салыстырмалы түрде тыныш өтті. Жергілікті уақыт бойынша түн ортасына бір сағат қалғанда, наразылық білдірушілердің бір бөлігі парламент ғимаратын қоршай бастағанда жағдай ушықты.

Әлеуметтік желілерде наразылық білдірушілердің парламент ғимаратының терезелерін сындырмақ болғаны, полиция мен арнайы жасақтың су атқыштар, дыбыс шығаратын гранаталар мен көзден жас ағызатын газ қолданып жатқанын көрсететін бейнематериалдар пайда болды. Грузия билігі наразылық күш көрсету сипатына ие болды деп мәлімдеді.

Осыдан кейін арнайы жасақ наразылық білдірушілерді парламент жанындағы алаң мен маңындағы көшелерден ығыстырып шығаруға кірісті.

Түн ортасынан кейін арнайы күштер Руставели даңғылындағы акцияны таратып, Парламентке қарама-қарсы аумақты толығымен басып алды.

Грузин ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық білдірушілер арасында арнайы жасақтан қашқан кезде пайда болған газ, түтін және төбелестен зардап шеккендер көп. Қамауға алынғандар да бар.

Фото: REUTERS

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар