Щучинскіде Freedom House заманауи кампусы бой көтереді

– Щучинск қаласындағы IQanat мектебінің аумағында жаңа кампустың іргетасын қалау рәсімі өтті. Жаңа кампус Freedom House деп аталмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаны Freedom компаниялар тобы іске асырады. Заманауи кешен Шортанды көлінің жағасынан орын тебеді. Құрылыс жоспары бойынша, жаңа кампуста 420 орындық амфитеатр, инновациялық жабдықтармен жабдықталған планетарий, жаратылыстану пәндерін зерттеуге арналған заманауи кабинет, 7 мың кітап қоры бар кітапхана және ашық терраса болады. Құрылыс аяқталған кезде қолданыстағы дарынды балаларға арналған мектептің сыйымдылығы 120 оқушы орнына артады деп жоспарланған.

Айта кету керек, IQanat High School of Burabay – емтихандарға дайындалуға, салауатты өмір салтын ұстануға және ауылдан жиналған жоғары сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамытуға баса назар аударатын жеке мектеп-интернат. Мектеп жаңа техникамен жабдықталған. Сондай-ақ, заманауи сыныптар мен зертханалары, спорт орталықтары мен, кітапханалар, музыкалық клубтар бар. Орналасқан жері де көл жағалауындағы бірегей орын.

IQanat мектебінен түлеп ұшқан ауыл оқушылары Қазақстанның және шетелдің жоғары рейтингте тұрған оқу орындарынан грант иеленіп келеді.

Щучинск қаласында өткен салтанатты шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Таткеев, IQanat жобасының бастамашысы және қамқоршысы Айдын Рахымбаев, IQanat қамқоршысы, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов, мектеп түлектері мен оқушылары қатысты.

photo

Тимур Турлов 2019 жылдан бері IQanat жобасының қамқоршысы болып келеді. Бұған дейін Түркістан, Қызылорда, Павлодар, қазіргі Жетісу облыстарының шалғай аудандарынан келген дарынды балаларды қолдап, мотивациялық кездесулер өткізу арқылы өскелең ұрпақтың білім деңгейін арттыруға барынша үлес қосуға ұмтылып жүр.

«Бүгінгі сапалы білім – ертеңгі табысты болашақтың кепілі. Бұл жағынан IQanat мектебі Қазақстандағы ең озық мектептердің бірі болып отыр. Мұнда оқушылардың білімді, білікті азамат болып ер жетуіне, дарынын шыңдап, қабілетін дамытуға бүкіл жағдай жасалған. Бірақ ең маңыздысы, мектеп еліміздің түкпір-түкпірінен келген балаларға бірдей мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда IQanat мектебінде тегін білім жүрген дарынды оқушылардың 80%-дан астамы ауылдан шыққан. Мектеп түлектері отандық және шетелдік ірі университеттердің грантын иеленіп жүр. Freedom House қолдауымен білім ошағының сыйымдылығы тағы 120 орынға артпақ. Сол арқылы біз ертең еліміздің зияткерлік, бизнес немесе саяси элитасына айналатын жастарды көбірек тәрбиелей аламыз», – деді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры.

Ал жобаның бастамашысы Айдын Рахимбаев IQanat мектептері ел ертеңіне бейжай қарамайтын кәсіпкерлердің қолдауының арқасында іргесін кеңейтіп жатқанын айтады.

«IQanat ауылдарда білім беру мәселелерін шешуге бей-жай қарамайтын қазақстандық кәсіпкерлердің басын біріктіріп отыр. Қазір мұнда білім алып жүрген белсенді әрі жігерлі жеткіншектер болашақта осы миссияны жалғастырады», – деді ол.

Жаңа кампустың құрылысын 2023 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау көзделіп отыр.

Freedom Finance – әлемнің 13 елінде өкілдігі бар халықаралық деңгейдегі жүйе құраушы инвестициялық компания. Кәсіпорын Freedom Holding Corp халықаралық инвестициялық тобына кіреді. Нарықта 2008 жылдан бері жұмысп келеді. Freedom Holding Corp акциялары NASDAQ Capital Market-те «FRHC» белгісімен ерекшеленген. Холдингтің қызметін Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия (ӘКК, АҚШ) реттейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар