Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биатлоннан әлем чемпионатына қатысушылар Көкшенің көрікті жерлерін аралады - АРҚА АЖАРЫ

Биатлоннан әлем чемпионатына қатысушылар Көкшенің көрікті жерлерін аралады

«Бурабай даму» кәсіпорны Щучинск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қатысушыларына арнап ұлттық парктің көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұлу Көкшенің етегіндегі биатлон жарысына әлемнің 40 елінен спортшылар қатысып жатыр.

Олар жарыс күндері мен жаттығу арасында Қазақстанның әсем табиғатын аралауға қуана келісті.

Шетелдіктерді Бурабайдың көрікті табиғаты мен қазақ халқының қонақжай пейілі таңғалдырды.

– Қазақстанға келемін деп ешқашан ойламаған едім. Бұл ел туралы білетінім де аз болатын. Керемет ел екен. Бурабайдың ормандары мен көлдері Канадаға қатты ұқсайды. Тіліміз бөлек болғандықтан жергілікті адамдармен қарым-қатынас жасау қиындау, бірақ соған қарамастан керемет әсер алдым. Алдағы уақытта тағы осында жолым түседі деп үміттенемін, – дейді Ванкуверден келген канадалық биатлоншы Тайлер Бринвуд.

photo

Италия құрамасының мүшесі Пьетро да Бурабайдың өздері үшін ерекше мекенге айналғанын айтты.
– Осы чемпионаттан әзірге 2 медаль алдық. 12 наурызда жарыс аяқталғанға дейін тағы да жүлде аламыз деген үмітіміз бар. Жергілікті әсем табиғатты аралап, керемет әсерге бөлендік. Өте мейірімді әрі қонақжай адамдармен таныстық. Италияға Қазақстан туралы керемет естеліктермен қайтатын болдық, – дейді ол.

Фото: udp-rk.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар