Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2023 жылғы қаңтарда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы желтоқсан айына қарағанда 101,4 пайызды құрады, 2022 жылдың осы кезеңінде – 100,8 пайыз, республикалық мағынада – тиісінше 100,7 пайыз және 100,7 пайызды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9 пайызға, азық-түлік тауарлары – 1,3 пайызға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 2,4 пайызға қымбаттады.
2022 жылғы 06 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 16,75 пайыз құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 3,9 пайызға өсіп, 94,3 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 36,7 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 57,6 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 12 филиалы және «Қазпочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.
Валюта нарығы. 2023 жылдың қаңтар айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 462,61 теңгені, еуроға – 498,78 теңгені, ресей рубліне – 6,68 теңгені құрады.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Ақмола облысында 66 айырбастау пункті, оның ішінде: 50 – банк филиалдарының, 8 – «Казпошта» АҚ-ның және 8 уәкілетті ұйымның 8 айырбастау пункті жұмыс істейді.
2023 жылғы қаңтарда облыстағы айырбастау пункттері 6,1 миллион АҚШ долларын, 0,7 миллион еуро және 178,4 миллион ресей рублін сатты. 2022 жылдың қаңтар айында – 10,7 миллион АҚШ доллары, 1,2 миллион еуро және 736,5 миллион ресей рублі сатылды.
Депозит нарығы. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 314,8 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда, 26,1 пайызға, өткен аймен салыстырғанда, 3,2 пайызға өсті.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 88,6 пайызды құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 11,6 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,8 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 399,5 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 414,8 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 31,0 пайызға өсті, ал, өткен аймен салыстырғанда 1,6 пайызға азайды (2023 жылғы 1 қаңтарда – 421,5 миллиард теңге).
2023 жылғы қаңтарда облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 43,7 пайызға азайып, 23,1 миллиард теңгені құрады.
2023 жылғы қаңтар айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 19,9 пайызды құрады.
2023 жылғы қаңтарда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы
100 пайыз болды.
Тұтынушылық кредиттер. Облыс халқының банктердің тұтынушылық несиелері бойынша берешегі 150,5 миллиард теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 18,4 пайызға азайып, 12 162,2 миллион теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Облыс халқының банктердің ипотекалық кредиттері бойынша берешек сомасы 135,8 миллиард теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 2 121,8 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 57,3 пайыз немесе 2 847,0 миллион теңгеге азайды.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2023 жылғы 1 ақпанға 60,7 миллиард теңгені құрады. 2023 жылғы қаңтар айында 5 679,7 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 34,7 пайызға азайды (2022 жылғы желтоқсанда – 8 700,2 миллион теңге берілді). 2023 жылғы қаңтарда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 22,5 пайызды құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
Облыс бойынша айналымдағы төлем карточкаларының саны 2023 жылғы
1 ақпанда 1 439 мың бірлікті құрады (алдынғы аймен салыстырғанда 0,5 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,2 пайызы.
2023 жылғы қаңтар айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 148 746,5 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 27,5 пайызға азайды). Транзакциялар саны 11 264,9 мың транзакцияны құрап, 16,5 пайызға азайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 16,1 пайыз азайып, 10 676,5 мың транзакцияны құрады, сомасы 26,9 пайызға азайды (мөлшері 111 204,0 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 24,9 пайызға дейін азайды (транзакциялар саны 588,4 транзакцияны құрады), сомасы 28,9 пайызға азайды (мөлшері 37 542,5 мың теңгені құрады).
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 27 894 POS-терминал, 400 банкомат, 18 678 кәсіпкер; 25 736 сауда нүктелері.
Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.