Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрі-дәрмек саласы дамуда - АРҚА АЖАРЫ

Дәрі-дәрмек саласы дамуда

Ақмола Медиа орталығында  еліміздегі емдеу мекемелерін қажетті дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ететін «СК Фармация» серіктестігі  өкілдерінің қатысуымен баспасөз мəслихаты өткізілді. Отырыста  тегін медициналық көмек аясында  дəрі-дəрмекпен жəне медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз  ету мəселесі талқыға түсті.
Жиында алғашқы болып сөз алған аталмыш  серіктестіктің  басқарма  директоры  Ботагөз Жақселекова    ағымдағы  жылы  атқарылған жұмыстарды пысықтап, жиналғандарды таяу келешекке межеленген жоспарларынан хабардар етті. Бірыңғай дистрибьютер  фармацевтика саласында 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Республикамыздың фармацевтика нарығының  жалпы көлемі 366 миллиард теңгені құраса, соның  160 миллиард теңгесі тегін медициналық көмектің кепілді көлем шеңберінде халықты дəрі-дəрмектермен қамтамасыз етуге жұмсалады. Осы ретте, серіктестік  мыңдаған емдеу мекемелерін препараттардың 67 пайызымен жабдықтайды. Басқарма директорының  сөзіне жүгінсек, олардың басты мақсаты отандық өндірісті  қолдау, тікелей келісім-шарттарды жасау жəне сапалы дəрі-дəрмектерді тасымалдау болып табылады. Отандық өндірушілердің жұмысын жетілдіру жұмысы да назардан тыс қалмауда. Айта кетерлігі, республикамызда жыл санап препарат өндірісімен айналысатын кəсіпорындар саны көбейіп, тендерде оларға артықшылықтар көрсетіледі. Сонымен бірге, компания  ұзақ мерзімді тасымалдауға  келісім орнатады. Қазіргі күні осы бағытта 13 отандық тауар өндірушілермен шарт жасалған. Оның жартысынан астамы өндірісті əлдеқашан бастап кетіпті. Серіктестіктің тағы бір жаңашылдығы ағымдағы жылдың соңына дейін компания базасында шолу-
аналитикалық орталығы құрылмақшы. Бұл  денсаулық сақтау саласындағы ең ірі жоба болады деп күтілуде. Себебі, мұнда  медициналық мекемелердің жоспарымен танысып, препараттар жетіспейтін түйткілді аймақтарды анықтауға үлкен мүмкіндік туады. Оған қоса, дəрі-дəрмектер туралы барлық ақпарат жинақталатын қосымша ойластырылып, нəтижесінде тұтынушылар  тауардың көмегі жөнінде өздерінің ой-пікірлерімен бөлісе алады.
 Одан соң тақырыпты серіктестіктің тапсырыс берушілермен жұмыс бойынша бас менеджері Қайрат Кимелов  пен  баспасөз хатшысы Əйгерім Смайылова жалғастырып,  бірыңғай дистрибуция қызметтерінің əлеуеті жөнінде сөз қозғады.
Баспасөз мəслихаты соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  дəрі-дəрмектердің бағасын реттеу, оның сапаға сəйкестілігіне байланысты сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Ыпысгүл АШУОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар