Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ЕҢСЕСІН ЕЛДІҢ КӨТЕРГЕН... - АРҚА АЖАРЫ

ЕҢСЕСІН ЕЛДІҢ КӨТЕРГЕН…

Бұланды  ауданының Амангелді ауылдық округіне қарасты Ортақшыл ауылының 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.  Көз тартатын көркем табиғат аясында ақшаңқан үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, ұлттық ойындар ойналды, əн шырқалып, күй тартылды. Думанға жиналған халық қарасы қалың болды. Осы ауылдан түлеп ұшып, əр өңірде тұрып жатқандар аяулы атамекендеріне келіп, бауырларымен қауышып, бір жасап қалды.   Аталмыш шара мəслихаттың хатшысы Ш.Құсайынов, аудандық ауыл шаруашылығы  бөлімінің  басшысы А.Кəмелинов, Амангелді ауылдық округінің əкімі Н.Құрманғалиев жəне «Партизанка-1» ЖШС-нің директоры Б.Жəмпейісов сынды ел ағаларының құттықтауымен басталды.  Мəдениет үйінің əншісі Қ.Камеш ауылдың мерейтойына арналған əнін орындаса, Б.Сұрағанова ауыл тарихын қысқаша əңгімелеп берді.  Бұл  шағын  ауыл  талай  тарихи оқиғалардың куəсі болған. Өткен жиырмасыншы ғасырдың 30-40 жылдарынан бастап қиындықтарды да бастан өткерді. 1930-1932 жылдардағы аштық, 1937 жылғы қуғын-сүргін ауылдың азаматтарын айналып өтпеген.  1929-1930 жылдары көршілес орналасқан үш шағын ауылдан үш ұжымшар құрылды. Қазіргі Буденовка селосына таяу Аршалы өзенінің сол жақ жағалауына орналасқан Қамқа аталатын шағын ауыл Елтай ұжымшары, жақын жердегі Елібай-Тəтібай ауылы Ортақшыл ұжымшары жəне Аршалы өзенінің бойына орналасқан ЖəнібекТінібек ауылы Теңдік ұжымшары болып құрылған еді. Кейін ауыл шаруашылығын  ірілендіру науқаны басталған 1936 жылы жоғарыда аталған үш шағын ұжымшар біріктіріліп, Ортақшыл ұжымшары құрылды. Екінші рет жүргізілген ірілендіру кезеңінде Ортақшыл жəне Мат ауылдары біріктіріліп, Амангелді ұжымшары дүниеге келді. Шара барысында ақсақалдар жиналып Партизанка селосын Ортақшыл деп өзгертсе деген тілек білдірді. Сондай-ақ, жауынгерлік ерлігі жəне еңбектегі жетістіктерімен өскелең ұрпаққа үлгі болатын, бүгінде өмірден өткен соғыс жəне еңбек ардагерлеріне мемориалдық тақта  орнату  жайында  ұсыныс айтылды.  Мерейтойды  ұйымдастырушы еңбек  ардагерлері  Б.Жаманбаев, Р.Құрманғалиева жəне А.Тлеукинаға салтанатты түрде бағалы сыйлықтар тапсырылды. Тойда  ұлттық  спорт  ойындары өткізілді. Жеті шақырым қашықтықтағы ат бəйгесінде Жаңаталап ауылының тұрғыны Б.Нұрмұхановтың тұлпары мəреге бірінші келді. Бес шақырым қашықтықтағы бəйгеде Партизанка селосының тұрғыны Ж.Тафтараевтың тұлпары мəре сызығын бірінші болып кесті. Көкпар тартыста Ортақшыл ауылының командасы жеңіске жетті. Қазақ күресінен А.Байғабылов бірінші, Д.Құсайынов екінші, Д.Кущерова үшінші орынды жеңіп алды. Кір тасын көтеруден бірінші орынды Н.Тілеуғабылов иеленді. Туған ауылын естен шығармай қастерлеп, торқалы тойын ұйымдастырған барша азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз.

Төлеубек ЖҮСІПБЕКОВ, ардагер ұстаз.
Бұланды ауданы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар