Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Сәтті қадам» – жастардың табысты бастауы - АРҚА АЖАРЫ

«Сәтті қадам» – жастардың табысты бастауы

«Жас Отан» жастар қанаты «Нұр Отан» партиясының «Сəтті қадам» атты жобасын жүзеге асырып келеді. Аталмыш  жоба 2013 жылы Ақмола облысынан бастау алған болатын.

Жобаның жүзеге асқан 3 кезеңінде жоғары оқу орындарының отыздан астам түлектері өңіріміздегі жетекші ұйымдарда тағылымдамадан өтіп, олардың сегізі сол жерлерде тұрақты жұмысқа тұрды. Жобаға қатысушы түлектердің басым көпшілігі тағылымдамадан өткеннен кейін, бір айдың ішінде жұмысқа орналасқандығын атап айту керек. «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы өткізген мониторинг нəтижесі жоба аясында тағылымдамадан өткен жастар еңбек нарығында анағұрлым бəсекеге қабілетті екендігін көрсетті. Олардың айтуынша, тағылымдамадан жинақталған еңбек тəжірибесі сұхбаттасу барысында да, жұмыс жасау кезеңінде де пайдасын тигізген.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының жастар қанаты аймақтағы ірі компаниялармен,  мемлекеттік мекемелер жəне кəсіпорындармен келісім-шарт жасау бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Бұл шаралар оқу орындарымен бірлесе отырып, облыстық білім беру басқармасының жəне өңірлік жұмыспен қамту орталықтарының көмегімен жүзеге асырылуда.
Облысымызда жоғары оқу орындары мен техникалық-кəсіптік білім беру мекемелерін аяқтаған 209 жетім бала бар, олардың 168-ін жұмысқа орналастыру жоспарланған. Аталмыш түлектер негізінен тамақтандыруды ұйымдастыру, көліктерге қызмет көрсету, ферма шаруашылығы, шаштараз, бастауыш сынып мұғалімі, мал дəрігері секілді мамандықтарын игерді. Таяуда  Ш.Уəлиханов  атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің түлегі Əйгерім Есімжанова «Сəтті қадам» жобасы аясында «Жас Отан» жастар қанатына жұмыс тауып беру туралы өтініш білдірген еді.
– Көмек сұрап келген күні Көкшетау қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжге сұхбаттасуға барған едім, директоры Н.Дементьева мені бірден жұмысқа қабылдады. Алдағы уақытта осы салада еңбек етіп, одан əрі жұмыс өтілін арттыруды жоспарлап отырмын, – дейді Əйгерім.

Жанат КӨШЕЙ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар