Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астанадан Бурабайға ұлттық нақышта безендірілген электр пойызы қатынай бастады - АРҚА АЖАРЫ

Астанадан Бурабайға ұлттық нақышта безендірілген электр пойызы қатынай бастады

– Наурыз мейрамына орай Астана – Бурабай курорты бағытында ұлттық нақышта безендірілген электр пойызы қатынай бастады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Безендірілген пойыз күн сайын бір ай бойы жүреді. Жылжымалы құрам таңертең Астанадан шығады.

Жолаушыларды отырғызу Нұрлы жол вокзалынан (жөнелту сағат 06.30-да) және Астана-1 вокзалынан (жөнелту сағат 06:57-де) ұйымдастырылады. Жол бойында құрам үш станцияда: Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтайды. Мерекелік электр пойызы соңғы станцияға сағат 09:51-де келеді.

photo

«Сапар жайлы болу үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған. Пойыз жолаушылары сапарлау барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады», – делінген ҚТЖ ақпаратында.

photo

Мәлім етілгендей, «Наурыз» электр пойызы – бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ҚР ПІБ «Бурабай Даму» ЖШС, Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының ішкі туризмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отырған бірлескен жобасы.

Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар