Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қошемет көрсетіліп, алғыс айтылды - АРҚА АЖАРЫ

Қошемет көрсетіліп, алғыс айтылды

 Кеше облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында Құрылысшы күніне арналған салтанатты шараға қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматтарға облыс әкімінің атынан Алғыс хат табыс етті.

 

Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық департаменттер мен басқармалардың және өңірдегі құрылыс компанияларының өкілдері қатысты. Облыс әкімінің орынбасары алдымен өңірімізде құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол өз сөзінде бүгінгі күні құрылыс ел экономикасының күретамыры іспеттес екендігін, әсіресе, өңірімізде осынау саланың дамуына құрыш қолды құрылысшылардың зор үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті.
– Құрылысшыларды жер бетіндегі жасампаз мамандықтың иесі деп білеміз. Сіздер облыс экономикасына да сүбелі үлес қосып келесіздер. Жыл өткен сайын облыста пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың саны артып келеді. Өткен жылы жалпы көлемi 282 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 105,3 пайызды құрады. Биылғы жылы да бұл көрсеткіш ұлағаймаса, еш кемімейді. Оны облысымыздағы құрылыс қарқынынан анық байқауға болады. Осының барлығы сіздердің, құрылысшылардың арқасында. Осы мереке күні сіздерді, құрметті құрылысшылар бар өнерлеріңізді, жандарыңызды салып, жасаған ерен еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтуға рұқсат етіңіздер, – дей келе, Владимир Балахонцев бір топ сала еңбеккерлеріне «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісі мен облыс әкімінің атынан Алғыс хат табыс етті.
Бұдан кейін қала әкімі Ермек Маржықпаев облыс орталығының зәулім ғимараттарынан бастап, басқа да үлкенді-кішілі нысандардың әр кірпішін өз қолымен қалап жүрген құрылысшыларға алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі. Солардың арасында «Енки», «Алуа строй», «Жақия», «Таир» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тәрізді құрылыс фирмаларының жұмысшылары мен облыстық, қалалық, аудандық құрылыс бөлімінің мамандары бар.
Сондай-ақ, тағы да бірқатар ведомство басшылары өздерінің құрылысшыларға деген жылы лебізін білдіріп, әріптестеріне денсаулық, сәттілік және еңбектеріне жаңа табыстар тіледі.  
Салтанатты шараның соңы жергілікті өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар