«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2023 жылғы 30 наурызда сағат 11.00-де Көкшетау қаласында сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының жаңадан сайланған бірінші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «Облыстық мәслихатқа депутаттарды сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының хабарламасы» және басқа да сұрақтар енгізіледі.
М.Сәдуов,
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.