Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы медициналық орталығының Ақмола облысындағы күндері өтеді

28-30 наурызда Президенттің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында Ақмола облысына  Медорталықтың ауруханасы (Астана қ.) мен Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасының (Алматы қ.) жетекші онкологтары, нейрохирургтары мен кардиохирургтары, аритмолог, пульмонолог, невропатолог және реаниматолог мамандары келеді.

Білікті мамандар жергілікті 18 жастан асқан тұрғындарға практикалық және консультациялық көмек көрсетеді, осы өңірдегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, , жаңа емдеу технологияларын таныстырады.

28 наурыз күні Көкшетау қаласындағы Көпбейінді облыстық ауруханада науқастарды:

09:00-11:00 – кардиолог С.М.Есенқұлова (2 санатты дәрігер);

09:00-10:00 – нейрохирург М.А.Саршаев (жоғары санатты дәрігер);

09:00-11:45 – невропатолог Г.Т.Исақанова (жоғары санатты дәрігер) қабылдайды.

28 наурыз күні  Астана қаласындағы №2 Көпбейінді облыстық ауруханада науқастарды:

10:00-12:00 – пульмонолог Н.Я.Өтешева (жоғары санатты дәрігер);

14:00-17:00 – аритмолог А.С. Абдрахманов (м. ғ. д.)

14:00-17:00 – нейрохирург М.С. Бердіқожаев (жоғары санатты дәрігер) қабылдайды.

Консультацияға жазылу қабылдау орнында жүргізіледі. Келушілер жеке бас куәлігін және жасалған зерттеулердің нәтижелерін бірге әкелуге тиіс.

Сонымен қатар, ҚР ПІБ Медорталығының мамандары Ақмола облысының дәрігерлеріне медициналық жаңа әдістемелер мен технологиялар бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, оны операция барысында да көрсетеді.

Медициналық орталықтың басқа бөлімшелері – Санитарлық-эпидеомологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері де өз бағыттарына қатысты оқыту шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының өңірлердегі күндерін өткізудегі мақсат еліміздің аймақтарындағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал ету, отандық медицинаның сапасын көтеру, сондай-ақ халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру  болып табылады.

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар