Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылу қарызға берілмейді - АРҚА АЖАРЫ

Жылу қарызға берілмейді

«Көкшетау жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өкілдері сот орындаушымен және учаскелік полиция инспекторымен бірге жылу төлеміне қарыз тұтынушылардың пәтерлерінде болып, кейбіреулерін жылу жүйесінен ағытып тастады.

Рейдке қатысушылар алдымен «Юбилейный» шағын ауданындағы Ж.Сайн көшесінің 26 үйінде болды. Бұл үйдің 274 пәтерінде тұратын тұрғындардың жылу беру қызметіне қарызы 1 миллион 431 мың 902 теңгені құрайды. Рейд түсауа ұйымдастырылғандықтан болар, пәтер иелерінің көбі жұмыста болды. Мәселен, осы үйдегі Бекеновтер тұратын 14 пәтердің есігін кішкентай балалар ашса, 54 пәтерде тұратын Юрий Филипенконы жұмысынан шақыртып алды.
Ол алғашында бұл пәтерде тұрмаймын деп жалтарды. Дегенмен, 20 мың теңге қарызын қолма-қол төледі. «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының бақылаушысы Қымбат Беспалина айына 2300-дей пәтерлерде болып, жылу ақысының түбіртегін таратады, жылу ақысын жинайды. Оның айтуынша, жылу беру қызметіне қарыз тұтынушылардың көбі ауқатты тұрады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жатпайды. Бірнеше рет рейд ұйымдастырылса да қарыздарын төлеуге асығар емес.
– Біздің кәсіпорын жылу ақысын ұзақ уақыт төлемейтіндермен жұмыс жүргізуде. Алғашында қарыздары жөнінде ескерту жасаймыз. Сосын жылу жүйесінен ағытатынымызды айтамыз. Үйдің кіреберісіне кімнің жылу ақысына қанша қарызы бар екені жөніндегі тізімді жапсырамыз. Қарызға белшесінен батқан үйге жылу берілмейді. Біз кесілген батареяларды пәтер иелері кооперативіне тапсырамыз. Олар жылу жүйесіне қосылу үшін алдымен дебиторлық қарызын және 34 мың теңге айыппұл төлейді. Заңды тұлғалар үшін айыппұлдың көлемі 80 мың теңгені құрайды. Көкшетау қаласы бойынша жылу ақысына дебиторлық қарыз 256 миллион теңгені құрайды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 60 миллион теңгеге төмен, – дейді «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорнының директоры Самат Сматаев.
Бұдан кейін рейдке қатысушылар Быковский көшесіндегі 5-ші үйдің 55-ші пәтеріне келді. Мұнда тұратын Надежда Сысоеваның төленбеген жылу ақысы 100 мың 574 теңгені құрайды. Пәтер иесі Қостанайда тұратын көрінеді. Жалға алушылар жылу ақысын мүлдем төлемеген. Бұл пәтердің батареялары кесілді.  
Қысқа қапысыз дайындалу үшін қала тұрғындары тұтынған жылу ақыларын уақытылы төлеу парыз. Сонда ғана дайындық жұмыстары мезгілінде жүргізіліп кейбір кем-кетік жойылар еді. Өкінішке орай, қала тұрғындарының кейбіреулері осы өзекті мәселені жете түсінбей отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар