Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
35 жыл сот саласында - АРҚА АЖАРЫ

35 жыл сот саласында

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Дәулен Нұралиннің өмірде де, еңбекте де қол жеткен жетістіктері аз емес. Өмірінің 44 жылын заң саласына бағыштаған ол соның 35 жылында сот органдарында жемісті қызмет етіп келеді.

 

Көкшетаудан отыз шақырымдай жерде Дөңгілағаш деген ауыл бар. Табиғаты көркем жерде орналасқан осы ежелгі елді мекеннен аты алты алашқа танымал бірқатар тұлғалар шыққан. Солардың бірі – Дәулен Нұралин. Жалпы, бұл ауылдан шыққан азаматтар туралы үлкен кітап жазуға болар еді. Табиғатына байланысты ма, әйтеуір кіндік қаны осы ауылда тамған жігіттер қызметте де, өнерде де бағы жанып, ел-жұртқа танылып, биіктерге көтерілуде.
Дәулет аға мен Күлизат жеңгей елімізде тың игеру науқаны басталып, жастар тың жерлерге аттанып жатқан тұста тың өлкесінде табысып, шаңырақ құрады. Тұңғыш ұлдары Дәулен тың игерудің екінші жылында дүниеге келіпті. Ауыл мектебін бітірген соң ол өзгелер сияқты қандай мамандықты таңдаймын деп бас ауыртпай бірден заң саласына ден қояды. Оқу бітірген соң да құқық саласы бойынша қызметке кіріседі. Алғашқы жылдарда прокуратурада біраз жыл еңбек етеді. Содан кейін сот саласына ауысады. 1981-1999 жылға дейін он сегіз жыл бойы Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында сот саласында жемісті еңбек еткен ол 1999 жылы Жоғарғы соттың судьясы болып тағайындалды. Міне, сол кезден бастап осы күнге дейін Жоғарғы сотта еңбек етіп келеді.
Қара қылды қақ жарардай әділ билік айту оңай шаруа емес. Адам тағдырын таразыға салатын судьяның міндеті ауыр да, жауапты. Осындай қиын қызметті абыроймен атқарып келе жатқан Дәулен Дәулетұлының еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Оның алған түрлі мемлекеттік марапаттары жетерлік. Кезінде КСРО Министрлер кеңесінің Алғыс хатынан бастап, тәуелсіз мемлекетіміздің Үкіметінің, Жоғарғы сотының, басқа да мемлекеттік құзырлы органдардың берген марапаттары жетерлік. Оған қоса, «Құрмет» орденінің, «Қазақстан конституциясына – 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарының иегері. Жоғарғы сот төрағасының қолынан «Құрметті судья» атағын алған ол судьялар арасындағы ең жоғарғы атақ саналатын «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.
Еңбекте осындай жетістіктерге жеткен ол отбасында да өз бақытын тапқан жан. Үш ұлы ержетіп, жоғары білім алып түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Үлкен ұлы әке жолын қуып құқық саласында қызмет істейді. Немерелері жарысып өсіп жатыр.
Бүгінде бес мүшелге толып отырған Дәулен Нұралиннің жоғарыда айтқанымыздай Отанымызға сіңірген еңбегі аз емес және әлі де елі, халқы үшін еңбек ете берері даусыз. Алпыстың асқарына шыққан бауырымызға әрдайым осындай биіктерден көріне бер деген тілек білдіреміз.

Мейрам ҒИБӘДІЛОВ,
Ақмола облыстық сотының ардагер-судьялар кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар