Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бәсекелестікті қорғау жолындағы кедергілермен күресеміз - АРҚА АЖАРЫ

Бәсекелестікті қорғау жолындағы кедергілермен күресеміз

Бұл туралы біз жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеген болатынбыз. Тауар нарықтарындағы баскелестіктің жай-күйін зерделеу, монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша тексеру жүргізу, тауар нарықтарындағы аңықтаған кедергiлердi жою  департаменттің негізгі міндеттері болып табылады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі экономиканы мемлекетсіздендіріп қана қоймай, бәсекелестік өрісті өзгертуді, барлық кәсіпкерлерге тең мүмкіндіктер жасауды, нарықтардың монополиялануын тоқтатуды көздейтін бәсекелестік ортаны құруды талап етеді.

Біздің департамент бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық бөлімшесі болып табылады, бәсекелестіктің жай-күйі мен дамуын зерделеу бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. Өткен жылы бірінші бағыт бойынша департамент Ақмола облысының тауар нарықтарындағы бәсекелестік жағдайына 63 талдау жүргізді. Жанар-жағар май, сұйытылған мұнай газы, азық-түлік өнімдері, есепке алу аспаптарына қызмет көрсету, сауда үй-жайларын жалға беру және тағы басқа мәселелер нарықтары зерттелді. Кәсіпкерлердің тауар нарықтарындағы тәртібін зерделеу мақсатында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілерін жою туралы 19 хабарлама, соның ішінде газ, жанар-жағар май, көмір, қант, тауық жұмыртқасы, бетон, мемлекеттік басқару сияқты хабарламалар берді. Мысалы, 2022 жылдың қыркүйегінде департамент Ақмола облысының 17 ауданы мен 3 қаласында жазғы дизель отынын  сату нарығындағы бәсекелестік жағдайына жедел талдау жасады. Департаментпен мемлекеттік кәсіпорындардың бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілді.

Оның барысында 15 мемлекеттік кәсіпорын және мемлекет қатысатын 2 серіктестік қамтылды. 2022 жылдың соңында қаланың негізгі супермаркеттер желілерімен, дүкендермен және көтерме азық-түлік жеткізушілерімен монополияға қарсы 40 келісімге қол қойылды. Соның арқасында азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 15-тен 10 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Сондай-ақ, Олжас Кәкеновтың айтуынша талдау жүргізу өңірдегі белгілі бір нарықтардың қаншалықты дамығанын, нақты өнім нарықтарында қандай кедергілер бар екенін және нарықтағы үстемдік етушілердің нарық билігін теріс пайдалануы туралы түсінік береді.

Нарықтық билікті теріс пайдалану көбінесе зерттелетін тауар нарығында ғана емес, сонымен қатар, сабақтас салаларда да үлкен зардаптарға әкеп соғады, сондай-ақ, субъектілер арасындағы адал бәсекелестіктің күшеюі тұрғысынан нарықтың дамуына мүмкіндік бермейді, бұл олардың одан әрі монополиялануына әкелуі мүмкін. Биылғы жылы біз 11 тауар нарығын талдауды аяқтадық. Қазіргі уақытта облыс бойынша атап айтқанда, Аршалы ауданының аумағында тұтынушыларды табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша тауар нарығын зерделеуді жүргізудеміз,−деп жалғастырды сөзін департамент басшысы.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті мен Агенттігі баға реттеушісі болып табылмайтынын атап өткен жөн.  Оның басты міндеті табиғи монополия субъектілері ұсынған нарықтардан басқа,  доминанттар мен монополистер болып табылатын субъектілер тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілеріне ден қою болып табылады.

Екінші бағыт бойынша бәсекелестікті қорғау мақсатында нарық субъектілері монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталған жағдайда хабарламалар, ескертулер беру не айналымнан 3-5 пайыз айыппұл салу және монополиялық табысты тәркілеу арқылы тергеу жүргізу шаралары қабылданады. Мәселен, департамент монополияға қарсы өткен жылы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері бойынша 7 тергеу жұмыстарын жүргізді.  Ал, үшінші бағыт бәсекелестікті дамыту жолында кедергілерді анықтау және жою болып табылады. Осы мақсатта департамент жанынан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Open Space» диалог алаңы жұмыс істейді. Онда облыс кәсіпкерлері мүдделі мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп, бизнестің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді талқылайды, −деп қорытындылады өз сөзін Олжас Кәкенов.  Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап департаментте осы мәселелерге арналған 18 отырыс өткізілген.

Бәсекелестікті шектейтін барлық анықталған кедергілер бойынша оларды жою жұмыстары жүргізілуде. Облыста кедергілерді анықтау және жою жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Бұл кеңесте 13 мүше бар. Бұл қоғам мүддесі үшін бар кедергілерді барынша объективті бағалауға және жоюға мүмкіндік береді.

Олжас КӘКЕНОВ,
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің  Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар