Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облыстық мәслихатының бірінші сессиясы болып өтті - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облыстық мәслихатының бірінші сессиясы болып өтті

Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті. Оны облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов ашты.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысын жариялай келе, ол сайланған депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді тапсырды.

Сессия жұмысын жалғастыра отырып, М.Сәдуов оған облыс әкімі Ермек Маржықпаев, оның орынбасарлары, облыстық әкімдік аппаратының, басқармалар мен ведомстволардың басшылары, сайлау комиссиясының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырғанын атап өтті. Бейнеконференц байланыс режимінде сессия жұмысына қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ, мәслихат төрағалары қосылды.

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы болып «AMANAT» партиясының мүшесі Бейбіт Жүсіпов сайланды. Бейбіт Айтымұлы өз сөзінде депутат  әріптестеріне көрсеткен өзіне сенімі үшін алғыс айтып, облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының жұмысы жемісті болатынына және сайлаушылардың барлық өтініштерін орындауға мүмкіндік туатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, сессия барысында Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары құрылып, олардың төрағалары мен құрамдары сайланды.  Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Марат Қойшыбаев сайланды, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияны Айнагүл Балташева басқаратын болды. Депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Павел Безвербный сайланды. Аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі комиссияны Саят Сыздықов басқарады.

Облыстық мәслихатта көпшілік (32-ден 26) орынға ие болған «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.

Мәслихаттың кезекті екінші сессиясына 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы мәселені енгізу ұсынылды.

Сессия соңында сөз Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаевқа берілді. Ермек Боранбайұлы депутаттарды құттықтап, өңірдің өзекті мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырды. Өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, депутаттық корпуспен бірлесіп шешілетін бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар