Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысында «Жас Маман» жобасының жүзеге асырылуы жөнінде Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Руслан Хамзин, жоғары техникалық колледж практика меңгерушісі Павел Шульдайс, көпсалалы инновациялық колледж басшысы Сайран Сейітқалиева мен Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шоқан Оразалин баяндап берді.
2019 жылы Жастар жылы аясында республикада «Жас маман» жобасы басталды. Жалпы еліміз бойынша жобаға қатысуға 600-ден астам оқу орны үміткер болған еді. Алайда, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындаған 100 неғұрлым талап етілетін кәсіп бойынша 180 колледж және 20 жоғары оқу орны ғана білім беру процесіне арналған озық жабдықтарды сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
−Жобаға қатысушы колледждер материалдық базаны халықаралық талаптарға сәйкестендірудің бірегей мүмкіндігіне ие болды. «Жас маман» жобасы бойынша сатып алынған заманауи өндірістік және оқу жабдықтары, академиялық еркіндік колледждер жұмысында кең мүмкіндіктер ашады. Біздің облыста конкурстық республикалық іріктеу арқылы аталған жобаға 11 колледж қатысты.
Жоба 2 жыл қатарынан жүзеге асырылды. Заманауи оқу жабдықтарын сатып алуға республикалық бюджеттен 1,6 миллирад теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру 80 миллион теңгеден асты. Жабдықтарды сатып алу 18 сұранысқа ие мамандық және 33 біліктілік бойынша оқыту үшін жүзеге асырылды. Сондай-ақ, «Жас маман» жобасының арқасында заманауи жабдықтарды сатып алу біздің колледждерге өз өнімдерін өндіру және сату бойынша өздерінің шағын кәсіпорындарын ашуға мүмкіндік берді, −деді Шоқан Оразалин.
Жоба мамандықтарының қажеттілігін ескере отырып, жыл сайын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша осы мамандықтарға 1 мыңға жуық талапкер қабылданады. Мұның бәрі облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне үлкен қолдау көрсетті.
−2020-2021 жылдары «Жас маман» жобасын іске асыру барысында колледж негізгі индустриялық салаларында республикалық және халықаралық деңгейде талап етілетін мамандарды даярлау үшін қажетті заманауи жоғары технологиялық құралдармен жабдықталды. Жоғары техникалық колледжде он құзыреттілік орталығы ашылып, жарақтандырылды. Құзырет орталықтарында әлеуметтік әріптестер кәсіпорындарының жұмысшы кадрларының біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары өтеді.
Сондай-ақ, орталықтар WorldSkills ұлттық және халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаттарына қатысушыларды даярлауға арналған лагерьлер болып табылады. Колледж Ақмола облысының ірі кәсіпорындарымен ауыл шаруашылығы, машина жасау және құрылыс салаларына арналған жиынтықтаушы бөлшектерді, корпустық және жұмсақ жиһаздарды шығару бойынша 243 қызметтердің атауына сәйкес өндірістік тапсырыстарды дайындау жолында ынтымақтасады,−деді Павел Шульдайс.
Сонымен қатар, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Көпсалалы Инновациялық колледж» 2021 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі, слесарь-жөндеушісі, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу шебері біліктіліктеріне сәйкес жоба шеңберінде заманауи жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандыру бойынша Қазақстанның 180 тірек колледждерінің қатарына кірді.
−Колледждің «Жас маман» жобасына қатысуы, оны кейіннен іске асыра отырып, әлемнің жетекші өндірушілері John Deer, Bosch, Buler заманауи жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникасында мамандар даярлау кезінде кәсіби шеберлікті жетілдіруге мүмкіндік берді. Жабдықтар мен техникадан басқа арнайы пәндер бойынша екі кабинет жарақтандырылды.
Сатып алынған заманауи жабдықтар мен ауыл шаруашылығы техникаларының арқасында студенттер халықаралық стандарттар мен өндірістік ортаның қажеттіліктеріне жауап бере отырып, жаңа техникада жұмыс істеу дағдылары мен құзыреттеріне ие, −деді Сайран Сейітқалиева. Осылайша «Жас маман» жобасы бойынша колледждің шеберханалары мен зертханаларын бірегей жабдықтармен жарақтандыру және онда оқыту колледж дамуындағы жаңа кезеңге бастама берді.
Құрылыс-технологиялық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Руслан Хамзиннің айтуынша бұл колледжде 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап WorldSkills стандарттары бойынша жабдықталған және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 3 құзыреттілік орталық құрылды. Барлық жабдықтар «Жас маман» жобасы аясында сатып алынды. −Құзырет орталығы өңірдегі WorldSkills қозғалысы қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік және педагогикалық тәжірибені қалыптастырып, модульдік-кредиттік бағдарламаларды дайындайды.
«Дәнекерлеу технологиялары» орталығы үшін жоба аясында «KEMPPI» фирмасының заманауи жабдықтары сатып алынды. Ол бүгінгі таңда өз саласында көшбасшы болып табылады. Аспаздық дағдылар орталығында құзыреттіліктер бойынша «Аспаздық іс», «Кондитерлік іс», «Мейрамхана сервисіә үш зертханасы бар. Жабдықтар тізімін жасауға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, әлеуметтік серіктестер, өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндер оқытушылары қатысты.
«Құрылыс дағдылары орталығы» бұл құзыреттіліктермен жабдықталған төрт шеберхананың бірлестігі болып табылады. Барлық 3 құзыреттілік орталығы кәсіби стандарттардың техникалық шарттарын сақтай отырып орындалды. Құзыреттілік орталықтарының деректер базасында қазіргі уақытта өндірістік оқыту шеберлері мен студенттердің қолымен жасалған өнімдер шығарылады және сатылады, −деді ол. Жалпы, жоба бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 122 педагогикалық қызметкер өтті.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.