— Конституциялық сот Президенттің өтініші бойынша Парламент қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конституциялық сот Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Президенттің 2023 жылғы 29 наурыздағы өтініші бойынша Парламент 2023 жылғы 16 наурызда қабылдаған және Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынған мына нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексерді:
— ҚР Әлеуметтік кодексі;
— «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;
— «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы;
— «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңы;
— «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы.
Конституциялық соттың қорытынды шешімдерінің толық мәтінімен мына сілтемеде танысуға болады.