Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды

Кеше келелі мәселелерді талқылаған облыс әкімдігінің мәжілісі өткізілді. Күн тәртібіне облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қаңтар-шілде айларындағы қорытындылары және 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды.

Мәжілісті өңір басшысы Сергей Кулагин ашып, жүргізіп отырды. Алғашқы тақырып бойынша облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысына қатысты түйінді мәселелерге тоқталып өтті. Есепті мерзім ішінде өндіріс көлемі 208,1 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде тау-кен өндірісінде айтарлықтай қарқын байқалады. Мұндағы өсім көлемі 111,7 пайызды құрап отыр. Кейбір минералды өнімдер өндірісі саласында өнім көлемінің төмендеуі байқалады. Атап айтатұғын болсақ, керамикалық кірпіш өндірісі көлемі 22,2 пайызға төмендеп кеткен. Облыстағы машина жасау саласы және Атбасар электровоз жөндеу зауыты тәрізді іргелі кәсіпорындар экономика саласын алға тартатын біршама қуатты жетекші кәсіпорындар болып саналады.

Бұл арада «ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамының сүбелі үлесін айта кетуге болар. Мұнда өндірілетін подшипниктер көлемі 6648 тоннаны құрап, өнім көлемі өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1,3 есеге өсті. «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамы 348 жүк тасымалдау автокөлігін жинады. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш 109,8 пайызға жетті. Керісінше, «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнім өндіру көлемін 7,1 пайызға төмендетіп алды. Сондай-ақ, «Вектор» КЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі комбайн жинауды бәсеңдетіп алды.
Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде өнім өндіру арта түсті. Нақты айтатұғын болсақ, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мұндағы өнім көлемі 107,9 пайызға көбейді. Азық-түлік өндірісінде де өнім көлемі молая түсуде. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі жөнінде де молая түсуде. Алға жылжыған қарқынды бәсеңдетіп отырғандар қатарынан химия өнеркәсібін айта кетуге болады. Мұнда өнім көлемі 38 пайызға азайып кетті. Өндірістің төмендеуіне Есіл, Жарқайың, Атбасар, Ерейментау, Егіндікөл, Бұланды аудандары жол беріп отыр.
Астана қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. 8,9 миллиард теңгенің 10 жобасы қолға алынған. Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары Астанаға 38,2 мың тонна сүт өнімдерін, 12,2 мың тонна ет және ет өнімдерін, 123,4 миллион дана жұмыртқа жеткізді. Өткен жеті айдың қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 95,5 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,2 пайызға артық. Инвестиция тартуда да біршама жетістіктер бар.  Меншікті қаражатын салушылардың есебінен тартылған қаржының көлемі 46,2 пайызға жетті.  44,1 миллиард теңге қаржы игерілді.
Мұнан соң баяндамашы өзге де салаларда атқарылып жатқан шаруаларды тілге тиек етті. Тұтастай алғанда көптеген салалар бойынша облыс республикалық көрсеткіштің алдыңғы қатарында. Кейбір салалардағы кемшіліктер қолмен қойғандай етіп атап көрсетілді.
Облыс әкімі Сергей Кулагин әкімдік мәжілісіне қатысып отырған аудан әкімдері мен сала басшыларына жалақыны көтеру туралы нақты тапсырма берді.
Мұнан соң күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы В.Радченко 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы есеп берді. Жоғары жауапкершілікті қажет ететін маусымға дайындық алдын ала жасалған жоспар бо-йынша жүргізілуде. Ал, енді кейбір аудандарда жөндеу жұмыстарының қарқыны төмен. Айталық, Көкшетау қаласы мен Аршалы, Атбасар, Ерейментау, Зеренді аудандарында қазандықтарды жөндеу барысы сылбыр. Сондай-ақ, жылу тораптарын жөндеуде де облыс орталығы мен Бұланды және Целиноград аудандары артта қалып отыр. Сумен қамтамасыз ету және су тораптарын жөндеу бойынша Атбасар, Аршалы, Бұланды Бурабай, Жақсы, Зеренді аудандарының атына сын айтылды. Келесі кезекте тұрғын үйлерді дайындау мәселесіне көңіл аударылды. Бюджеттік салаларда отын жеткізуге байланыс-ты конкурстар өткізілген. Ең бір өзекті мәселе дебиторлық берешек. Бұл ретте де, қарызға белшесінен батып отырған аудандардың аты аталып, алдағы уақытта осы бір өзекті мәселені шешу тапсырылды.
Облыс әкімі Сергей Кулагин әкімдік мәжілісін қорытындылай келе, сала басшыларына ағымдағы мәселелердің қолбайлау болып отырған тұстарын тез арада шешу туралы нақты тапсырмалар берді.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар