Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Рәшит Әкімов пен Жабал Ерғалиев жұмыс сапарымен Қорғалжын және Целиноград аудандарында болды. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Рәшит Әкімов пен Жабал Ерғалиев жұмыс сапарымен Қорғалжын және Целиноград аудандарында болды.

 Сенаторлар – ауданда

Өңірлерге сапар барысында Сенат депутаттары  Қорғалжын ауданында  Қазақстан Республикасы қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мен Ақмола облыстық әкімдігі бірлесіп өткізіп жатқан «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер мен жастар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысқан аудандық форумда   қазіргі уақытта елімізде сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіздікке қарсы аяусыз күрес жүргізіліп жатқандығы нақты айтылды. Бұл кеселге қарсы күреске барлық қоғамды жұмылдырудың маңыздылығы атап көрсетілді.
– Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде заң қабылдаған алғашқы елдердің бірі. Алайда, бұған қарап елімізді жемқорлық жайлап алды деген пікір тумауы керек. Адал еңбек етіп, адал табыс табу мәселесін Елбасының өзі ұдайы айтып келеді. Қазір Қазақстанда адал еңбек етуге, өзіңнің кәсібіңді ашуға, табыс табуыңа толық жағдай жасалған. Жастар бүгінгі күні сол мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ел мүддесі үшін еңбек етуге ұмтылуға тиісті,–деді сенатор Жабал Ерғалиев өз сөзінде.
Қорғалжын ауданының орталығында жеке кәсіпкер Сәуле Бейісова өзі ашып, өзі басқарып отырған «Ақ-ботақан» атты жекеменшік бала бақшасының жұмысымен танысқан сенаторлар  мұнда қазір 100 баланың тәрбиеленіп жатқандығын көрді. Бала бақша осы заманға лайықталып жабдықталған. Ауыл адамдары осында тәрбиеленіп жатқан әр бала үшін алты мың теңге ақы төлейді. Кәсіпкерге мемлекеттік қолдау да жасалып келеді. «Сабынды» ауылындағы  дәрігерлік  емдеу мекемесінде осы елді мекеннің және көрші ауылдардың халқына дәрігерлік қызмет сапалы көрсетіліп келеді. Емдеу мекемесінің бас дәрігері  Марал Арқабаева қазір мұнда жоғары білімді дәрігерлер қызмет жасап жатқандығын және қажетті жабдықтардың жеткілікті екендігін айтып, сенаторлардың назарын ауыл дәрігерлерін пәтермен қамтамасыз ету мәселесінің қиындау болып тұрғандығына аударды.
2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан  «Астана Агропродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдеріне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Негізінен ет және ет өнімдерін өңдеумен айналысатын бұл кәсіпорынның өнімдері «Бакара» атты сауда маркасымен белгілі. Қазір мұнда шұжықтың 40 түрі мен 60 түрлі «халал» ет өнімдері шығарылады.  Кәсіпорынның өнімдері халықаралық «Экологиялық таза өнім» эколология академиясының тізіміне тіркелген. Бұлардың өз мал бордақылау алаңдары, мал соятын, өнім өңдейтін цехтары бар. Барлық технологиялық жүйе жабдық-
тары Германиядан алынып, орнатылған.
 – Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдете өңдеу мәселесіне айрықша мән беріліп отыр,– деді сенатор Рәшит Әкімов кісіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында. –Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын өркендетуге және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау да, көмек те көрсетіліп келеді. Бүгінгі күні әлемдік рынокта Қазақстанның экологиялық таза өнімдеріне деген сұраныс арта түсуде. Біз сол мүмкіндікті тиімді пайдалануға тиістіміз.
Былтырғы жылы көктемгі қар суынан зардап шеккен Целиноград ауданының Оразақ ауылында болған сенаторлар ауыл тұрғындарымен кездесті. Олар зардап шеккен тұрғындар үшін салынған тұрғын үйлерді аралап көрді. Ауыл тұрғындары аса қиын кезеңде өздеріне қамқорлық жасаған Елбасына шынайы ризашылықтарын білдіруде. Қазір ауылды көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Сенаторлар құс еті өнімдерін шығарып жатқан кәсіпорында және аудан орталығы Ақмол ауылында жаңадан салынып жатқаң аудан әкімдігінің, мешіт құрылысы алаңдарында, жазғы стадионда болды. Парламент депутаттары өз сапарлары кезінде жергілікті тұрғындардың көптеген сауалдарына жауаптар беріп, Сенаттың заң қабылдау қызметінің барысымен таныстырып отырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар