Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қар, бұрқасын, көктайғақ: 15 өңірде ескерту жарияланды - АРҚА АЖАРЫ

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 15 өңірде ескерту жарияланды

– «Қазгидромет» РМК 17 сәуірде күн райы нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласында түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с құрайды.

Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр болады. Таулы аудандарда кей уақытта жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ болжанады. Желдің күші кей уақытта 24-29 м/с жетеді.

Алматы қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, батысында тұман күтіледі. Желдің екпіні түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 25 м/с артуы ықтимал. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады, оңтүстік пен шығыста 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз оңтүстікте, таулы аудандарда найзағай, бұршақ болжанады. Желдің жылдамдығы кей уақыттарда 23-28 м/с артады.

Абай облысында жауын-шашын, түнде облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Таңертен және күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр, жылбысқы қар түрінде қатты жауын күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар