Ақмола облысында бір үйір жылқы мұз құрсауында қалған

– Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бақташылар қарлы боранда жоғалтып алған 100-ге жуық жылқыны құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ сайтына сілтеме жасап.

15 сәуірде құтқарушыларға Атбасар ауаны Бастау ауылдық округі маңындағы Есіл өзені тұсында су басқан шалғындарда жайылып жүрген жылқылардың шыға алмай қалғандығы туралы хабар түседі.

Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дереу құтқарушылар мен техника жіберілді.

Құтқарушылар мұздың арасынан қайықпен жол ашып, жылқыларды қауіпсіз жерге айдап, 100-ге жуық жылқыны қатып қалудан және суға батып кетуден аман алып қалды.

Басында жануарлар көмекке жеткен құтқарушылардан үрейленіп қаша бастаған, кейінірек мұздан ойылған жолмен жүріп, құрғақ жерге шығады. Өкінішке қарай, 30-ға жуық жылқының өлгені анықталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар