Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

Партияның Орталық аппаратының келісімі бойынша «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы лауазымына Берген Маратұлы Беспалинов тағайындалды.

Берген Маратұлы 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттанушы» мамандығы бойынша, 2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызмет саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола, Қостанай облыстары бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметтерін атқарды.

Партиялық қызметке дейінгі еңбек жолында ҚР Мемлекеттік қызмет Агенттігінің әкімшілік департаментін басқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар