Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Озық техникаға сұраныс жоғары - АРҚА АЖАРЫ

Озық техникаға сұраныс жоғары

Таяуда Шағалалы ауылының маңында елімізді қазіргі заманғы озық ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықтап келе жатқан Германияның жетекші компаниялары өкілдерінің қатысуымен «Алқап күні» өтті.

 

Шараға Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агробіліктілік орталығының директоры Төлеутай Рахымбеков және Германияның Қазақстан Республикасындағы елшісінің орынбасары Джонни Крамер мен  Ауыл шаруашылығы және сауда министрлігінің Парламенттегі өкілі Питер Блейзер бастаған немістің ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын жетекші компанияларының өкілдері қатысып, аграрлық саланы дамытуда тараптар бір-біріне алғыс сезімін жеткізді,  әрі осы екі жақты іскерлік байланыстың одан әрі нығая түсетіндігіне зор сенім  білдірді.
Осыдан алғаш рет 2010 жылы Германия және ҚР Ауыл шаруашылығы министрліктерінің мемлекетаралық келісімшарттарына сәйкес неміс аграрлық орталығын құру жөнінде шешім қабылданған еді. Бүгінгі күні аталған орталық  құрылып, екі жақты байланысты нығайтуға зор ықпалын тигізіп отырған жайы бар.
– Мен өзім осында алғашқы күннен бастап жұмыс істегендіктен  егіншілікке қатысты барлық мәселе маған жақсы таныс. Біздің орталық тәжірибеден өткен озық технологияларды жергілікті жерде оқытып-үйретуді және таратуды басты мақсат етеді, – деп атап өтті неміс аграрлы орталығының директоры Александр Тевс.
Сондай-ақ, шара барысында қазақстандық ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының екі жақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысып, қаржы салуға мүмкіндіктері де айтылды.
Әлемдегі астықты экспортқа шығаратын ең алдыңғы қатарлы он мемлекеттің санатындағы Қазақстан мен Германияның ауыл шаруашылығы техникаларын шығаратын компанияларының арасындағы әріптестік байланыс көп жылдардан бері жалғасып келеді. Бүгінде еліміздегі  астықты аймақтардың егін алқаптарында «Кейс, «Клаас», «Лемкен», «Хорс» маркалы Германияның қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларын көптеп кездестіруге болады.
Бүгінде елімізде  германиялық ауыл шаруашылығы техникаларын сататын 20-ға жуық фирма жұмыс істейтін көрінеді. Олардың өкілдіктері Ақмола облысында да ашылып жатыр.
«Алқап күніне» жиналғандар неміс аграрлық орталығының алқаптарында қазіргі заманғы технология бойынша себілген астық дақылдары мен  германиялық компаниялар шығарған ауыл шаруашылығы техникаларының жұмысымен танысып, жоғары баға берді. Алдағы уақытта германиялық компаниялар ұсынған жаңа техникалар облысымыздың егіс алқаптарында өнімді жұмыс істейді деп айтуға толық  негіз бар.

Аслан ОСПАНОВ.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар