Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында азаматтарды жерлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында азаматтарды жерлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды

Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары мен мүдделі мемлекеттік органдар басшылығының қатысуымен өткен комиссия отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин мәлімдеді.

Мониторинг көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігіне, сондай-ақ мемлекеттік реттеу және ақпараттық жүйелердің интеграциясының болмауына байланысты болып отыр.

Мәселен, қайтыс болған адам туралы ақпаратқа ие болған қара ниетті адамдар мемлекеттен жерлеуге арналған біржолғы төлемді алғаны, бұл ретте олар нақты жерлеу жұмыстарын жүргізбегені белгілі болды. Төлемдердің жалпы сомасы 450 000 теңгеден асатын осындай 10 факт анықталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмінің болмауына байланысты туысы жоқ азаматтарды жерлеу қызметін көрсетушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз жұмыстарының төлем сомасын ұлғайту үшін жалған жерлеу жұмыстарын қосып жазу мүмкіндігі бар.

Салттық қызметтер бақылауға алынбаған және лицензияланбайды. Сондықтан қызметтердің бағасын жерлеу агенттіктерінің өздері белгілейді. Бұл олардың көрсететін қызметтерінің, оның ішінде мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсететін қызметтерінің құнын негізсіз көтеруге мүмкіндік беріп, бұл бюджеттің негізсіз шығындарына әкеп соғады.

Жер заңнамасына сәйкес азаматтарды жерлеуге арналған учаскелер тегін бөлінеді. Алайда, тәжірибеде көріп отырғанымыздай, қалалардағы зират әкімшілігі қабірлерге арналған орындарды ілеспе қызмет түрінде сатады. Қосымша ақыға әкімшілер зираттағы ең қолайлы орынды таңдауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі азаматтар тарапынан толығымен негізделген наразылықты тудырып отыр, бұған бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар да дәлел бола алады.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Департамент уәкілетті орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар, оның ішінде заңнамалық сипаттағы ұсыныстар жолдады.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар