2023 жылғы 26 сәуірде Степногорск қаласында Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Б. Жанәділова Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Жиынға 75 қызметкер қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнамасы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Степногорск қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі А.А. Исаева өткен және ағымдағы кезеңдегі этикалық нормаларды сақтау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат берді.
А.Б.Жанәділова Әдеп кодексінің барлық нормаларын мүлтіксіз орындау, мемлекеттік саясатқа берік болу және оны дәйекті түрде жүзеге асыру, халықтың мемлекеттік қызметке сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу, өз міндеттері мен функцияларын барлық заңдарға сәйкес сауатты және тиімді орындау жөнінде тапсырмалар берілді.
Кездесуден кейін азаматтар жеке мәселелері бойынша қабылданып, оларға жан-жақты толық жауаптар берілді. Өтініш білдірген азаматтардың жалпы саны – 5.
Сондай-ақ, Ақсу, Заводской ауылдары мен Қарабұлақ ауылдарына барды. Онда мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметке өту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және Әдеп кодексінің нормалары талқыланған ашық диалог өтті.
Диалогқа 12 қызметкер қатысты. Жеке мәселелер бойынша да қабылдау өткізіліп, 3 қызметкер өтініш білдірді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің этикалық кодексті сақтау мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жалғасын табады.
2023 жылға мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, құзыреттілігін және адамгершілік деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған.
Дереккөз: www.gov.kz