Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
4 пайыздық автонесиенің жаңа талаптары 15 мамырға дейін жарияланады - АРҚА АЖАРЫ

4 пайыздық автонесиенің жаңа талаптары 15 мамырға дейін жарияланады

– 4 пайыздық автонесие туралы жаңа талаптар 15 мамырға дейін жарияланады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше министр айлығы жоғары адамдарға жеңілдетілген автонесие берілмеуі мүмкін екенін айтқан еді.

«Белгілі бір мөлшерден жоғары жалақы алатындар бағдарламаға қатыса алмайтындай етіп жалақы бойынша ең жоғары шекті белгілейтін боламыз. Бұл бағдарламаны одан әрі жетілдірумен байланысты. Жаңа талаптар 15 мамырға дейін жұртшылыққа жарияланады», — деп жауап берді министр Мәжіліс кулуарында тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге, министр бағдарламаға қатысу үшін міндетті бастапқы жарна туралы айтып берді.

«Қазір бізде Ұлттық банктің базалық ставкасы — 16%, сондықтан автонесиелеудің 4% жақсы пайыздық мөлшерлеме деп санаймын. Сондықтан, бұл бағдарлама өте табысты жүріп жатыр», — деп толықтырды ИИДМ басшысы.

Сонымен бірге, 4 пайызбен автокредит алған адамдардың аты-жөні жариялануы мүмкін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар