Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қауіпті де қиын қызмет - АРҚА АЖАРЫ

Қауіпті де қиын қызмет

Ерекше сұлулыққа бөленген Зеренді өлкесі демалушылар толастамайтын орын десек артық айтпаған болармыз.

Осынау бір ғажап табиғат аясында демалып жатқан азаматтардың судағы қауіпсіздігін зеренділік құтқарушылар ұжымы қамтамасыз етеді. Зеренді көлі жағасында демалушылардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, суда шомылу кезінде ереже бұзып, қауіп төнген азаматтарға дер кезінде көмекке келіп, ажал аузынан құтқарып жүрген құтқарушылар ұжымын тәжірибелі басшы Валерий Кленько басқаруда. Құтқарушылар үшін ауа райының демалуға қолайлы болуы олардың жұмысын күннің ыстығынан бетер қыздыра түседі.
Таң атқаннан құтқарушылар бір тыным таппай өз міндеттерін орындайды. Ұжымның әр құтқарушысы ауыз толтырып мақтауға тұрарлық азаматтар. Олар өз міндеттерін адал орындап, абыройға бөленіп жүрген  қайсы болса дағы сайдың тасындай епті жігіттер. Биылдың өзінде-ақ бірнеше еңбек ұжымдары мекеме басшысы атына алғыстарын білдіріп, аталмыш құтқарушылардың қызметіне дән риза болғандықтарын айтуда.  Құтқарушылар қыстың қытымыр аязы мен үскірік боранына, жаздың аптап ыстығына, күздің толассыз жауған қара жауынына қарамастан адам өмірін ажал аузынан арашалап қалуға ұдайы даяр тұрады. Сырт көзге құтқарушыларға жүктелген міндеттің аса көп ауыртпашылығы жоқ болып көрінуі әбден мүмкін.
Алайда, көлденең жұрт құтқарушылардың қаншама жауапкершілік арқалап, күнделікті өмірде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, өз жандарын шүберекке түйіп зардап шеккендерді дер кезінде құтқару үшін небір қиын тапсырмаларды орындап, өмірлерін қатерге тігіп жатқандығын  біле бермеуі мүмкін.  Біз айтып отырған зеренділік құтқарушылар да сол күйді кешіп, өз міндеттерін абыроймен орындауда. Егер де статистакалық деректерге жүгінетін болсақ, аталмыш ұжым құтқарушылары ағымдағы жылы елуден астам авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға шығып, алпысқа жуық азаматты құтқарған. Оның ішінде сегіз бала бар. Осы ретте, жыл бойы Зеренді жерінде демалып жүрген азаматтар мен жергілікті тұрғындарды әртүрлі оқыс оқиғалардан сақтандыру мақсатында ұдайы алдын алу мен ескерту шараларын ұйымдастырып жүрген ұжым қызметкерлері Валерий Кленько, Юрий Химиченко, Александр Астафьев, Мадияр Құлымбетов, Павел Рагозиннің  еңбегі атап өтуге тұрарлық.
Оралбек МҰҚАШЕВ,
Ақмола облысы  Төтенше жағдайлар департаментінің  құтқару жасағы мемлекеттік мекемесінің  кадр жұмысы тобының бас инспекторы.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар