Көкшетауда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығы күніне арналған естелік іс-шаралар өтті.
Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Аймақ басшысы Даңқ мемориалының жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға қатысушылар қаза тапқандардың рухына тағзым етті.
Ақмола облысынан 90 мың адам шақырылып, 37 мыңнан сәл астамы ғана оралды. Ақмолалықтар барлық майдандарда соғысып, Мәскеу, Сталинград, Курск доғасындағы шайқасқа қатысты. 66 ақмолалық Кеңес Одағының Батырлары және Даңқ орденінің толық кавалерлері болды. Тарихта аңызға айналған ерлікпен 106-шы Ақмола қазақ кавалериялық дивизиясының; Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бегелдиновтың; егемен Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтың; Рейстагқа жеңіс туын бірінші тиеген Қазақстан батыры Рахымжан Қошқарбаевтың; Кеңес Одағының Батыры, академик Малик Габдуллиннің және аттары мәңгі шпейтін басқаардың жауынгерлік өмірбаяндары атап өтілді.
“Абылай хан” алаңында ” Ұлы Жеңіске тағзым!» әдеби-музыкалық композиция өтті.
Қойылым қазақстандық патриотизмді бейнелейтін “Қазақстан – бақыт мекені”, “Ер есімі – ел есінде”, “Қазақтың қаһарман қызы”, “Мәлік Ғабдуллин”, “Би – рух тынысы”, “Ұлы Жеңіс” атты алты импровизацияланған хореографиялық картиналардан тұрды.
Қойылымға Укілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солистері, Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының актерлері, жоғары Ж. Мусин атындағы Қазақ педагогикалық колледжінің “Томирис” әскери-патриоттық клубы, Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің хореографиялық ансамбльдері, “Көкшетау” МҮ ансамбльдері қатысты.
Дереккөз: www.gov.kz