Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ортақ табыста ереймендіктердің үлесі бар - АРҚА АЖАРЫ

Ортақ табыста ереймендіктердің үлесі бар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ерейментау ауданының әкімі  Абай Әлжанов  ауданның  биылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде кеңінен баяндап берді.

Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Абай Әлжанов Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңейтілген кеңеске қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық даму саласы бойынша нақты міндеттер белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Оны орындау мақсатында аудан бойынша бірқатар жұмыстар қарастырылды.

− 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша аудан халқының саны 26 143 адамды құрады. Ерейментау қаласында 12 мың 600 адам тұрады. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 4 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 91,1 пайыз. Биыл 126 202 гектардан астам алқапқа көктемгі  тұқым себу жоспарлануда. Ауыл халқының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайтын шағын несие берілуде. Бүгінгі таңда осы бағдарламаның 32 әлеуетті қатысушысы бар. Биылғы жылы ауданда жалпы төрт ферма құру жоспарлануда. Пайдаланбайтын жер телімдерін қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр жалпы 28 мың гектар жер ерікті түрде қайтарылды,−деді әкім.

Биыл жер ресурстарын басқару департаментінде 200 мың гектар пайдаланбайтын ауыл шаруашылығы жерлеріне тексеріс жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 2 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 есе өскенін атап өткен жөн. Жалпы аудан бойынша 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

− Ауданда тұрғын үй кезегінде жалпы 812 адам тұр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 123,0 миллион теңгені немесе өткен жылдың сәйкес деңгейімен алғанда 49 пайызды құрады.  Ерейментау қаласындағы екі 45 пәтерлі тұрғын үйге және бір 60 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын аяқтау үшін 37,4 миллион теңге бөлінетін болады. Сондай-ақ, Әлжанов және Әл-Фараби көшелерінде магистральдық жылу трассасын салу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды, − деп толықтырды өз сөзін Абай Әлжанов.

Ауданда жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 279 адам жүгінді. Оның 183-і тіркеліп, барлығы 141 жұмыс орны құрылды. 33 мәдениет нысаны жұмыс істейді. 2023 жылға мәдени-демалыс жұмыстарына 181,3 миллион теңге көзделген. Жаңадан бой көтерген спорт кешеніжұмыс істеуде. Аталмыш нысанда облыстық, республикалық және халықаралық турнирлер мен жарыстар өткізіледі. Жалпы, әкімдік тарапынан жыл басында алға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізіп, міндет үдесінен көріну көзделіп отыр.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар