Электр қуатын өндіру мен тарату тарифтері: әділетсіздікті жою керек

 Досымхан АРАЛБАЕВ,
«Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры 

Қазіргі уақытта Парламентте электрэнергетика саласына қатысты үш бірдей заң қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өкілетті органның VII шақырылымының  бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде айтқан болатын.

Энергетика саласының бір өкілі және «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы ретінде осы электр энергетикасының өзекті мәселелері жайлы өзімнің көзқарасымды білдіріп, өз ойыммен бөліскенді жөн санадым. Ең әуелі тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етудің қазіргі жұмыс істеп тұрған механизмі мен жүйесі жайында аздаған түсінік бере кетейін.

Электр қуатын өндіріп, шығарудан (генерация) бастап, тұтынушыға дейінгі  салалық кәсіпорындар заңды түрде үш топқа бөлінген. Біріншісіне,  электр энергиясын өндіретін (ЭПрО)  кәдімгі станциялар «ГРЭС», «ТЭЦ»және  (ВИЭ) жаңартылған электр көздері (жел, күн, су көздерінен алынатын) нысандар жатады. Екіншісіне, энергияны жеткізіп беруші (ЭПО), яғни, электр қуатын «А» бағытынан «Б» бағытына дейін жеткізуші ұйымдар кіреді. Энергияны жеткізіп беруші ұйымдардың өз баланстарында 0,4 кВ-дан бастап, 500 кВ деңгейіне дейінгі электр желілері мен қосалқы станциялар бар. Олардың, яғни, энергияны жеткізіп берушілердің міндеті – электр қуатын бөлу және тұтынушыға жеткізіп беру.

Алайда, бұған қоса тағы бір үшінші топ бар. Бұл үшінші топқа энергиямен жабдықтаушы ұйымдар(ЭСО) жатады. Олар негізінен, электр энергиясын сатып алып, соны, яғни, электр энергиясын (тауарды) келісім бойынша сатады  және сол сатқан электр энергиясының  ақысын жинап алып отырады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, электр қуатын өндіруден (генерация)  бастап, тұтынушыға дейінгі салалық кәсіпорындар заңды түрде үш топқа бөлінген болса, соның бірінші және екінші  топтарының басым бөлігі  табиғи монополияның нысандары болып саналады. Оларға электр энергиясының өндіру (1-топ), тасымалдау (2-топ) баға деңгейін өкілетті органдарының өздері белгілеп, бекітеді. Энергия өндіруші (ЭПрО) ұйымдардың өндірген электр энергиясының тарифін Энергетика министрлігі  бекітеді. Ал, электр энергиясын таратушылардың (ЭПО) тарифін Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияны реттеу жөніндегі Комитет бекітеді.

Үшінші топ (ЭСО)өз кезегінде екі топқа бөлінеді. Олар – кепілді жабдықтаушы мекемелер (бұлардың саны-36 компания) және еркін (реттеусіз) жабдықтаушы мекемелер (бұлардың саны – 100-ден астам).

Кепілді таратушының электр энергиясының тұтыну бағасын Монополияға қарсы комитет бекітеді де, ал,  энергиямен қамтамасыз етуші қалған компаниялар өз тарифтерін жеке дара өздері анықтайды, олардың электрэнергиясының бағасы өкілетті органдармен реттелмейді.

Міне, осы ретте тарифі реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы (ЭСО) ұйымдары негізінен,  пайдаланған электр қуаты үшін төлем қабілеттері жақсы және неғұрлым электр энергиясын көп тұтынатын тұтынушыларды өздеріне қаратып алған.

Кепілді жабдықтаушылар үшін (ЭСО) монополияға қарсы органдар шағын бизнес және бюджеттік ұйымдар үшін тарифтің негізсіз, тіпті төзгісіз жағдайын қалыптастырып отыр. Тіпті бұларға халық (жеке адамдар) тұтынатын электр қуаттары үшін төлем өтеп отыруды  жүктеп қойған деп айтуға болады.

Егер де электр энергиясының өзіндік құны 24 теңге болса, халыққа 15 теңгеден босатылады да, қалған 9 теңгені шағын және орта бизнес нысандары мен бюджеттік ұйымдар төлеп отыр. Нәтижесінде шағын бтизнестің дамуы тежеліп, олардың жұмысының рентабельділігі жасанды түрде төмендетіліп келеді.

Өз кезегінде электр энергиясы реттелмейтін (ЭСО) жабдықтаушылар электр энергиясын халыққа сатпайды, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, олар өздеріне  тек орта және ірі бизнес нысандарын алып алған.

Осы орайда, өз кезегінде электр энергиясы тарифі реттелмейтін таратушылардан мемлекеттік сатып алу туралы заңда (ережеде) енді бұларға бюджеттік мекемелер де ауысатын болады. Таяудағы бір-екі жылда халық үшін тариф жедел қарқынмен өсе бастайды және электр энергиясын кепілді таратушының өзіндік құнымен теңеледі,яғни, ол баға әр киловаты үшін  23-24 теңге болады.  Сонда мысалға өсім 60 пайызды құрайды.

Белгілі болып отырғанындай, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап республикамызда  электр энергиясы рыногының жаңа нұсқасы енгізіледі. Бұл нұсқа электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және оның рыногын реттеп отырушы механизміне негізделетін болады.

Бұл нұсқа реттеліп отыратын электр энергиясымен қамтамасыз етуші (ЭСО) ұйымдар үшін тарифті төмендетуге мүмкіндік те береді. Алайда сонымен бірге, дербес тариф белгілей алатын электр энергиясымен қамтамасыз етуші (ЭСО) ұйымдардың   жағдайын  реттеп отыруға кепілді таратушылармен теңдестіру мақсаты көзделіп отырғаны да анық.

Осы орайда, электр энергиясы рыногындғы жағдайды тұрақтандыру үшін реттелмейтін электр энергиясымен қамтамасыз етуші (ЭСО) ұйымдарды қысқарту нұсқасын қарастырып, рынокта тек қана электр энергиясын кепілді қамтамасыз етуші бір ғанаэлектр энергиясымен қамтамасыз етуші ұйымдарды ғана қалдыру қажет деп санаймын.

Дәл қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған рыноктық механизм, атап айтқанда, реттелмейтін электр энергиясымен қамтамасыз етуші (ЭСО) ұйымдар өз қызметімен халықтың жағдайын және еліміздің тұтас экономикасын ауырлатып тұр.

Ендігі екінші бір мәселе дегенде, ол электр энергиясын тұтынушы заңды тұлғалардың өзара бірдей жағдайда болмай отырғандығын айтуға тиіспіз. Оларды үш топқа бөлсек, біріншісі – «KEGOK» акционерлік қоғамының желілері мен қосалқы станцияларына қосылған тұтынушылар, екіншісі – электр энергиясын кепілді электр энергиясымен қамтамасыз етуші (ЭСО) ұйымдар  арқылы алатын жергілікті деңгейдегі тұтынушылар, үшіншісі –  электр энергиясын реттелмейтін электр энергиясымен қамтамасыз етуші (ЭСО) ұйымдар арқылы алатын   тұтынушылар.

Осыларды жеке-жеке қарастыратын болсақ, бірінші топтағы тұтынушылар электр знергиясын көтерме рыноктан сатып алады. Бұлар үшін электр энергиясының тарифіне  электр станциясының бағасы және соған  қосымша «KEGOK» акционерлік қоғамының желілері арқылы тасымалдау  бағасы кіреді. Сайып келгенде осы  бірінші топтағылар үшін әр киловатт электр энергиясының бағасы  қосымша құн салығын (НДС) қоса есептегенде 15 теңгені құрайды.

Екінші топтағы тұтынушылар үшін әр киловатт электр энергиясының тарифіне жергілікті станцияның бағасы және оған «KEGOK» акционерлік қоғамының, бұған қосымша тағы да «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бағалары қосылады да, ол барып орташа 22-23 теңгенің ол жақ, бұл жағын құрайды. Яғни халық үшін 15 теңгенің төңірегі болса, кіші бизнес және бюджеттік ұйымдарға 30 теңге шамасында болады.

Міне, осы арада реттелмейтін электр энергиясымен қамтамасыз етуші (ЭСО) ұйымдар  бағаны  кепілді таратушы (ЭСО) ұйымдардан сәл ғана (25-30 теңге аралығында) төмендетіп қояды. Ал, кепілді таратушы (ЭСО) ұйымдар осы кезде халық тұтынған электр энергиясының тарифін қолдау мақсатында монополияға қарсы комитет бекіткен бағамен әр киловатын 30 теңгеден сатады. Ал, реттелмейтін жабдықтаушы ұйымдар қазірдің өзіндемойындарына жүктеп қойған халық үшін тұтынған электр қуатының ақысын  төлемес үшін, түрлі  тұтынатын электр энергиясын берушілерге ауысып кетіп жатыр. Мұның ақыры жеке тұлғалар үшін электр қуатының бағасы ендігі арада шарықтап, өсе де беретіндігіне жол ашады.

Егер де, барлық  тұтынушылар  электр энергиясының бірыңғай бағасымен бір-бірлерімен теңестірілсе, онда тұтынушылардың барлық топтары үшін  тариф 22  теңгеден жоғары болмас еді.

Үшінші мәселе: Қазақстан аумағындағы электр станциялары біркелкі орналаспаған. Электр энергиясын өндіретін негізгі станциялар Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында тұр.Сонымен бірге, республикамыздың батыс аймақтарында газбен жұмыс істеп тұрған жекелеген станциялар  да бар.

Бізде бірыңғай электр мен жылу өндіретін станциялар барлық облыс орталықтарының бәрінде бірдей бар емес. Соның бірі осы өзіміздің Көкшетау қаласы. Өзінің дербес жылу-электр станциясы (ТЭЦ) болмағандықтан, біздің өңіріміз электр қуатын тек «KEGOK» акционерлік қоғамының желілері арқылы ғана тасымалданатын өзге облыстардан сатып алады. Бұл сөз жоқ, электр энергиясының өзіндік құнының жоғары болуына тікелей әсер етіп келеді.

Міне, осыдан да «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электр энергиясын тарататын өз аймақтарындағы тариф тұтас еліміз бойынша жоғары болып отыр. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысы өздерінің жылу-электр станциясы (ТЭЦ) арқылы қажетті электр энергиясының 70-80 пайызын өздері қамтамасыз етіп отыр. Сөйтіп, олар біз сияқты «KEGOK» акционерлік қоғамының желілері арқылы тасымалдауға  шығын шығарып отырмағандықтан да, бұлардағы баға да Көкшетаудағыдан екі-үш теңге төмен.

Күн сайын көз көріп,көңілге түйген осы жайларды баяндай отырып, электр энергиясын бөлудегі қазіргі әділетсіздікті жойып, республиканың тұтас тұтынушылары үшін мемлекеттік реттеудің бірыңғай механизмін құрудың болғандығын жөн деп санаймын. Осы ретте энергия өндірісі нысандарының ара қашықтығына қарамастан,республиканың барлық электр энергиясын тұтынушылары үшін бірдей баға белгілеп, электр энергиясын сатып алып отыратын бірыңғай орган құрылуы керек.

Ұлттық экономика министрлігінің Монополияға қарсы комитеті және Энергетика министрлігі түрлі станцияларда электр энергиясын өндірудің және таратушы ұйымдардың электр энергиясын тарату тарифтерін жасап, бекітудің  бірлескен шешімін шығаруын ұсынар едім.

Еліміз бойынша энергокешеннің мүшкіл жағдайын (соңғы екі жылда Энергетика министрлері төрт рет ауысты) ескере отырып, Парламент жанынан тиісті министрліктерді, әсіресе, Ұлттық экономика және Энергетика министрліктерін қатыстыра отырып, осы энергетика саласын нығайтумен және реформалаумен айналысатын орган (комитет) құрылғанын қалар едік.

Энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдарға электр энергиясын жеткізіп берудің қазіргі схемасынан энергетика саласына көк тиын да салмастан делдал болып жүргендерден арылуымыз қажет.

(«Казахстанская правда» газеті. 26 сәуір 2023 жыл).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар