2023 жылғы наурыз айы үшін Ақмола облысыныңинфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2023 жылғы наурызда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2022 жылғы желтоқсан айына қарағанда 103,4 пайызды құрады, 2022 жылдың осы кезеңінде – 103,8 пайыз, республикалық мағынада –  тиісінше 103,2 пайыз және 105,2 пайызды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,2 пайызға, азық-түлік тауарлары – 3,6 пайызға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 4,7 пайызға қымбаттады.

2022 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 16,75 пайызды құрайды.

Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 2,9 пайызға өсіп, 94,6 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 36,2 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 58,4 миллиард АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 12 филиалы және «Қазпочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2023 жылдың наурыз айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 449,99 теңгені,  еуроға – 480,57 теңгені, ресей рубліне – 5,92 теңгені құрады.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Ақмола облысында 65 айырбастау пункті, оның ішінде: 49 – банк  филиалдарының, 8 – «Қазпошта» АҚ-ның және 8 уәкілетті ұйымның 8 айырбастау пункті жұмыс істейді.

2023 жылғы наурызда облыстағы айырбастау пункттері 1,8 миллион АҚШ долларын, 0,2 миллион еуро және 99,9 миллион ресей рублін сатты. 2022 жылдың наурыз айында – 10,0 миллион АҚШ доллары, 1,6 миллион еуро және 748,8 миллион ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 309,6 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,0 пайызға, өткен аймен салыстырғанда 2,4 пайызға өсті.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 89,0 пайызды құрайды.

Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 11,5 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,9 пайыз болып қалыптасты.

Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 392,8 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 418,9 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 28,7 пайызға өсті, ал, өткен аймен салыстырғанда 1,3 пайызға өсті (2023 жылғы 1 наурызға – 413,5 миллиард теңге).

2023 жылғы наурызда облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2023 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 25,7 пайызға өсіп, 33,3 миллиард теңгені құрады.

2023 жылғы наурыз айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 18,4 пайызды құрады.

2023 жылғы наурызда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 100,0 пайыз болды.

Тұтынушылық кредиттер. Облыс халқының банктердің тұтынушылық несиелері бойынша берешегі 154,7 миллиард теңгені құрады. 2023 жылғы наурыз айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2023 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 16,2 пайызға өсіп, 15 082,9 миллион теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Облыс халқының банктердің ипотекалық кредиттері бойынша берешек сомасы 135,5 миллиард теңгені құрады. 2023 жылғы наурыз айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 2 614,7 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 37,5 пайыз немесе 712,5  миллион теңгеге өсті.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2023 жылғы 1 сәуірге 62,5 миллиард теңгені құрады. 2023 жылғы наурыз айында 8 134,3 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы ақпан айымен салыстырғанда 31,9 пайызға өсті (2023 жылғы ақпанда – 6 165,0 миллион теңге берілді). 2023 жылғы наурызда орташа салмақтағы сыйақы мөлшерлемесі 20,5 пайызды құрады.

      Төлем карточкалар нарығы.

Облыс бойынша айналымдағы төлем карточкаларының саны 2023 жылғы 1 сәуірге 1 522 мың бірлікті құрады (алдынғы аймен салыстырғанда 4,2 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,3 пайызы.

2023 жылғы наурыз айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 188 635,1 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 17,1 пайызға өсті). Транзакциялар саны 13 733,7 мың транзакцияны құрап, 16,1 пайызға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 16,2 пайыз өсіп, 13 021,4 мың транзакцияны құрады, сомасы 18,9 пайызға өсті (мөлшері 142 549,7 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 13,8 пайызға дейін өсті (транзакциялар саны 712,3 транзакцияны құрады), сомасы 11,7 пайызға өсті (мөлшері 46 085,4 мың теңгені құрады).

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 29 042 POS-терминал, 400 банкомат, 21 503 кәсіпкер[1]; 27 200 сауда нүктелері.

 Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

[1]Эквайерментөлемкарточкаларынұстаушыларғақызметкөрсетушартынжасағанкәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар