Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дамудың оң жолында - АРҚА АЖАРЫ

Дамудың оң жолында

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев кезекті жұмыс сапарымен Жақсы ауданында болып, Белағаш ауылының Мәдениет үйінде  тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізді, онда өңірдің дамуы жөнінде жаңа міндеттерді белгілеп, қойылған сұрақтар мен көтерілген мәселелердің шешімін қарастырды.

Жақсы. Өңір басшысы ең алдымен,көркейе түскенауылдағы оң өзгерістердің бірі – сәнді Мәдениет үйін айрықша атап өтті. Баяндама барысында салынған инвестиция тек ауданға ғана емес, халыққа да пайда әкелетіні айтылды. Енді жаңа жобалар туралы ойлану керек. Жақсы ауданы облысымыздың даму әлеуеті жоғары өңірлерінің бірі», – деп есептейді облыс әкімі.

– Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша ауданның көрсеткіштері өнеркәсіпте – 95,6 пайыз, инвестиция салуда – 72,8 пайыз, тұрғын үйлерді пайдалануға беруде – 86,4 пайыз болды, – дегенөңір басшысы, «Бұл біз бірге шешуге тиісті күрделі мәселелер. Егер 2019 жылы Жақсы ауданын дамытуға 1 миллиард теңгеден сәл астам қаржы жұмсалса, биыл бұл сома 3 миллиард 200 миллион теңгені құрап отыр. Көріп отырғандарыңыздай, өсім үш есе. Бұл қаржытұрғын үй, жол, су құбыры, электр желілері, спорттық сауықтыру кешенінің құрылысына бөлінгенімен, өкінішке орай, оны игеру мәселесінде кемшіліктер сол күйі қалып отыр. Мұның бәрінің артында жұмыс орындары мен адамдардың өмір сүру сапасы тұрғанын ұмытпағанымыз жөн. Бұл басты міндетті бірлесе отырып, тек Жақсыда емес, барлық өңірлерде шешу керек. Біз талдау жасап, жағдайдан шығу жолдарын көрсеткенде, ең алдымен облысты ойлаймыз, сіздерге сол мақсатпен келеміз», – деді әкім одан әрі өз сөзінде.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жақсылықтар жағдайды айтарлықтай жақсартқаны да айтылды. Енді өнеркәсіп,құрылыс саласы бойынша көрсеткіштерді көтеру керек, қазір бұл көрсеткіштер тиісінше  69,7 пайыз және 72,7 пайызды құрап отыр.

– Биылғы жылы 21 жол жөндеу жобасын жүзеге асыруға 1,6 миллиард теңге қарастырылған. Белағаш, Беловодское, Запорожье, Лозовое, Ишимское, Моховое, Киевское,Кировское, Новокиенка, Подгорное, Тарасовка, Терісаққан, Чапаевское ауылдарындағы асфальтталған елді мекенішілік жолдарды орташа жөндеу, сондай-ақ, Жаңа-Қима ауылының кіреберіс жолы мен көшелерін жөндеужұмыстарын жүргіземіз. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаңа-Қима ауылындағы Хлебная көшесі бойындағы жолды да жөндеу жоспарланған.Республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» жолының «Жақсы-Чистополье» учаскесінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп түсіндірді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков.

Сонымен қатар, биыл 239 миллион теңгеге Жақсы, Кировское, Лозовое, Новокиенка, Запорожье, Белағаш ауылдарына жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

– 1,6 миллиард теңге – облыстық бюджеттің қаражаты. Оған қоса, республикалық бюджеттен 6,6 миллиард теңге бөлініп жатыр, – деді облыс әкімі бұл мәселеге қатысты. Сондай-ақ, аудан депутаттарына қарата айтқан сөзінде: – Құрметті депутаттар, сіздер күрделі сайлаудан өттіңіздер, сол сайлаушылардың сенімінен шығу үшін аудан бойынша бөлініп жатқан қаржыны жіті қадағалауларыңызды сұраймын. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдері, аудан әкімінің орынбасарлары тек сессиялар мен депутаттық сағаттарда ғана емес, өткір мәселелерді сол жергілікті жерлерге барып қарастырсаңыздар,халық арасында беделге ие боласыздар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқанындай, бәріміз бірігіп, атқарушы билікке көмектесіп, жұмыс процестерін басынан аяғына дейін өзіміз бақылауға алуымыз керек. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы облыстық филиалының мамандарына да телефон соғуларыңызға болады, олар талдап, өз пікірін береді, – деп атап өтті.

Өткен жылы Белағаш кентінде өртеніп кеткен ФАП құрылысы мәселесі де көтерілді. Әзірге «Белағаш» ЖШС медициналық қызмет көрсету үшін орын бөлген. Сонымен қатар, Киевское, Новокиенка, Калининское ауылдарында ФАП салу жобалары, сондай-ақ, аудандық аурухананы күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Қазір ауданда 22 дәрігер жетіспейді, негізі мұнда орташа жалақы500 мың теңгеден басталады.

Сумен қамтамасыз ету саласына келсек, Жақсы ауылында ұңғымамен су алатын және су құбырын тарту жұмыстары жалғасуда, биыл бұл жобаны аяқтауға 237 миллион теңге бөлінді. Аудандағы 25 елді мекеннің 19-ы орталықтандырылған су құбырымен, 5-еуі орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етілсе, Терісаққан ауылында құрама блок-модуль орнатылған. Ағымдағы жылы Монастырка, Казакское, Қазақстан және Тарасовка ауылдарында төрт құрама блоктық модульдерді орнату жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Жақсы ауданында 488 мың гектар алқапта көктемгі егіс науқанына дайындық жүріп жатыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1000 гектарға артық. Қазірдің өзінде 7 мың тоннадан астам жанар-жағармай бөлініп, 56 мың тонна тұқым дайындалды. Биылғы жылы форвардтық астық сатып алу бағдарламасы бойынша үш шаруа қожалығы 428 миллион теңгеге қаржыландырылады. Ірі ауыл шаруашылығы аудандардың бірі ретінде Жақсы ауданында да 33 мың гектар жайылымдық жер жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұған дейін меморандумдар жасаса, қазір елді мекендердің шекарасын кеңейту жұмыстарын жүргізуде.

Ауданға жұмыс сапары барысында  облыс әкімі Белағаш ауылындағы 1967 жылы салынған орта мектепте болды. Мектепті күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 98,6 миллионтеңге бөлінген.

Аймақ басшысы өткен жылдың желтоқсан айында салынған спорт кешеніне оң баға берді. «Агрофирма ТНК» серіктестігі 210 миллион теңгеинвестиция құйған. Мұнда ауыл жастарының волейбол, бокс, күрес түрлерімен айналысу арқылы денсаулықтарын шыңдап, спорттық шеберліктерін дамытуға тамаша мүмкіндік бар.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Вероника Бурда.

Суреттерді түсірген Айбека ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар