Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаудың тұңғыш музейі - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаудың тұңғыш музейі

Көкшетау қаласында облыстық тарихи-өлкетану музейі бір ғасырдан астам уақыт бойы жұмыс істейді. Қазақстанда жаппай мәдени-білім беру мекемелері ашыла бастағануақыт болатын. Бұл тарапта зор еңбек сіңірген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ поэзиясының классигі,1920-1924 жылдардағы ҚазақАвтономиялық Республикасының Премьер-Министрі Сәкен Сейфуллин.Әуелі халықтың әлеуметтік хал-ахуалын және тіл саясатын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізілді,қазақ жастары үшін мемлекеттік білім жобаларын бөлдіртті. Солтүстік өңірдің төрт уезінде, соның ішінде Көкшетауда, ішкі саяси ахуалдың тұрақсыздығына қарамастан, құрылыс жұмыстары жүргізілді, медициналық мекемелер құрылды, қазақ мектептері, алғашқы театрлар, кітапханалар мен алғашқы музейлер ашылды. Сол уақытта құрылған Көкшетау тарихи-өлкетану музейі 2020 жылы 100 жылдық мерейтойын атап өтті.

Ғасырлық тарихында музей орналасқан ғимаратын ғана емес, атауын да бірнеше рет өзгертті. Алайда, «Көкшетау» атауының негізі ХХІ ғасырдың мемлекеттік реформаларына дейін ұзақ уақыт бойы сақталды, оның қорытындысы бойынша облыстардың іріленуімен Көкшетау тарихи-өлкетану музейі Ақмола деп атала бастады. Музейдің 1920 жылы ашылған бастапқы қорының негізін мектеп жинақтамаларынан жиналған және берілген 120 тарихи маңызы бар жәдігерлер құрады. Көкшетаудағы тұңғыш музейдің алғашқы экспозициясының жәдігерлері келушілерге уездік халыққа білім беру бөлімінің ғимаратында ұсынылды.Бүгінгі таңда музей құрылысы 1900 жылы салынған екі қабатты ғимаратта орналасқан. ХХ ғасырдың басындағы Көкшетау қаласы тарихының сәулет ескерткіші мемлекет қорғауында.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары музей «Көкшетау», «Көкшетау тарихы», «Көкшетау өлкетану» деп аталып, кейіннен бұрынғы  Кеңес Одағына тән облыс орталықтарындағы музейлер, осы күнге дейін тарихи-өлкетану музейі деп, Қазақстанның барлық өңірінде, соның ішінде Ақмола облысында да сақталған. ХХ ғасырдың ортасында ғана музей  «Көкшетау аймақтық музейі», «Көкшетау облыстық аймақтану музейі» деп аталған болатын.

Сонау кезеңдері Көкшетау қаласы – XIX ғасырдың басында атақты Көкшетау тауларының жанында ашылған, олардан жетпіс шақырым жерде, Қопа көлі мен Бұқпа тауының оңтүстік бөлігінде салынған әкімшілік орталық, негізінен ағаш құрылыстардан тұрды, әрі аймақаралық және жергілікті сауда орталығы ретінде белгілі болған. Көкшетаудың әйгілі жәрмеңкесі өңіріндегі ең ірі жәрмеңкелердің бірі болып саналды. Қала сәулетін діни ғимараттар – мешіттер, шіркеулер және сауда үйлері, сол кезеңге тән сәулет үлгесінде салынған Балтахан, Баязитов, Соколов, Шамсутдинов, Коротков, Хамзин тәрізді танымал көпестер мен кәсіпкерлердіңжекежайлары көріктендіріп тұрған.

Қаланың сауда-экономикалық өмірі оның орталық бөлігінде шоғырланған және дәл осы жерде қала мен аймақтағы алғашқы Көкшетау тарихи-өлкетану музейі орналасқан. Кез-келген музейдің негізін қор жинақтамалары құрайтыны белгілі. Сол кезеңнің тарихи құжаттарында Көкшетау музейінің құндылығы мен жәдігерлер саны бойынша өңірдегі ең үздіктердің бірі екендігі туралы бірнеше рет атап өтілген.1920 жылдың 1 тамызынан бастап Көкшетау тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі болып И.Хохлов тағайындалды. Өткен ғасырдың басында ол Ақмола облысы халық училищелерінің инспекторы қызметін атқарған. Сол уақытта Ақмола және Семей облыстарындағы жоғарыда аталған оқу орындарының іс жүргізушісі «Алаш»тұңғыш қазақ саяси партиясының көшбасшысы, көрнекті ғалым, лингвист, түркітанушы, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы болды, оның 150 жылдық мерейтойы 2022 жылы ЮНЕСКО қамқорлығымен атап өтілді.

Көрнекті құралдар музейінің жұмысы туралы алғашқы қысқаша есептер қолжазба түрінде жасалды. Тоқсандық есеп жинақтамалар мен жалпы келушілер туралыақпарат кесте түрінде тапсырылған. Бастапқыда музейдің қызметін Көкшетау уездік халыққа білім беру бөлімі қадағалады, бірақ 1922 жылдың маусым айынан бастап  қаржыландырудың болмауына байланысты оны кооперативтер одағы құрамына береді. Сол кездегі ірі ұйымда нұсқаушы, қаржы, сақтандыру және басқа бөлімдерде жұмыс істейтін 50-ден астам адам болды. Сол жылдың ақпараттық есебінде басқарма төрағасы музейге аудандық бөлімнің үйінде арнайы бөлме берілгенін және жәдігерлер саны енді «өтеусіз сыйлықтар есебінен, сондай-ақ, оларды жеке тұлғалардан сатып алу арқылы көбейе бастағанын» хабарлайды. Келушілер саны да артты, өйткені кооперативтер одағына күнде Көкшетау өңірінің түпкір-түпкірінен тұрғындар келгенжәне олар ежелгі тарихтың сақтаушысы – музейге де кірген.

1925 жылдыңмузей жинақтамасында 1947 жәдігер болды, сол жылы экспозицияға 23724 адам келген. Ұйымда тек бір адам болғандықтан шолу экскурсияларын меңгерушінің өзі жүргізген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын шағын экспозицияда бір кездері өңір аумағында мекендеген көне мамонттың сүйектері, көне монеталар, Ұлы Түрік қағанаты дәуіріне тиесілі ежелгі ескерткіш – баба-тас, сауыт, дулыға, айбалталар және Қазақ хандығы дәуіріндегі батырдың басқа да әскери жарақтары ұсынылған.Ескі қарулар жиынтығынан сіз қысқыштарды, тапаншаларды, кремний мылтықтарын басқа да заттарды көре алар едіңіз. Арқар тұлыбысондай-ақ, ағаш үйректұмсық, семсер-балық және басқа да тарихи заттар үлкен қызығушылық тудырған. Музейдің алғашқы жәдігерлері туралы мәліметтер бізге Көкшетау педагогикалық техникумы курсанттарының «1925 жылғы курстардың оқу жұмысында, хаттамалар мен баяндамаларында» жиналған жазбалары бойынша белгілі болды.

Жоғарыда айтылғандай, Қазақ мемлекеттілігінің тарихына арналған музейдің қазіргі экспозициясында Көкшетау өлкетану музейінің алғашқы жинақтамасынан бірегей жәдігерлер ұсынылады: ХVІІ ғасырдың аяғы – ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ батырының әскери жабдықтары мен қару-жарақтары. Олар: сауыт, дулыға, айбалта, қылыш, босмойын, шоқпар, ерлерге арналған былғары белбеу және т.б. Тарихи түпнұсқалар қайта қалпына келтірілген садақты, жебе мен қорамсақты және қалқанды қисынды толықтыра түседі. «Ұлы Дала өркениеті» залының бұрынғы экспозициясында ұсынылған ежелгі Баба-тас Ұлы Түркі өркениеті дәуірінің куәсі болып табылады, қазір ол музейдің заманауи экстерьерін безендіреді.

Осындай ескерткіштер Қазақстанның бүкіл аумағында дерлік табылған. Шағалалы өзенінің Қопа көліне құятын тұстан табылған VІ-VІІ ғасырға тиесілі тас ескерткіш – облыстық музейдің алғашқы экспонаттарының бірі. Жәдігер болғанға дейін, ХІХ ғасырда түркі мүсіні Көкшетау қаласындағы уездік басқару ғимаратының алдында орналасқан. Бұл туралы 1903 жылы жарияланған Отанның толық географиялық сипаттамасының бір томында жазылған. Көкшетаулық ескерткіш туралы 1895 жылы атақты ғалым Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиханның үйінде қонақта болған Григорий Потанин де айтқан. Жалпы, ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы ортағасырлық ескерткіштер туралы көрнекті ғалым, «Алаш» көсемі Әлихан Бөкейхан жазған.Айта кету керек, мұндай ескерткіштерге бекітілген «бал-бал тас» атауы оның мағынасын дәл жеткізе алмайды. Себебі, «баба-тас» көне түркі және қазақ тілінен аударғанда «бабаларға ескерткіш» дегенді білдіреді. Сақталған тас мүсіндерде «Ержүрек батырларға баба тастар орнатамыз!» деген жолдар бар. Баба тастың биіктігі 166 см, мойын шеңбері – 121 см. Оң қолында тас жауынгер тостаған, сол қолында түркілеримпериясының нышаны– қылышұстап тұр.

Көкшетау, қазіргі кезде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақстанның маңызды мәдени орталықтарының бірі. 2012, 2019 жж. қайта қалпына келтіру жұмыстары барысында  жаңа әдістер пайдалана отырып музейдің экспозициялық кеңістігі кеңейтілді. Музей көрнектері келушілерді ежелден бастап қазіргі заманға дейін Қазақ мемлекетінің тарихымен таныстырады. Жыл сайын қор жинақтамасы жаңа жиынтықтармен толады, осы  күнге  дейін 130000 жуық жәдігерлер  сақталуда. Аймақтың тарихын зерттеуге бағытталған музейдің ғылыми қызметі Қазақстанның ұлттық тарихының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Бибігүл БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ,
      Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар