Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Миокард инфарктісі және мүгедектіктің алдын алу - АРҚА АЖАРЫ

Миокард инфарктісі және мүгедектіктің алдын алу

Миокард инфарктісі – жүрек талшығының ишемиялық жансыздануы, ол миокардтың оттегіге деген қажеттілігі мен оның коронарлық артериялары арқылы тасымалдануының арасындағы жедел сәйкессіздіктен барып туындайтын сырқат.

Миокард инфарктісі коронарлық артерияларды атеросклерозы, артерияларды спазмы және тромбозы салдарынан туындайды. Жіктеліп бөлінуі жағынан инфарктінің бірнеше түрі бар. Бірінші түрі таралуына байланысты ірі ошақты (трансмуральді), екіншісі шағын ошақты болып бөлінеді. Және миокардтың ошақты дистрофиясы (жедел коронарлық тапшылық) түрі де бар.

Даму сатысы бойынша бұл ауру өте жедел өрбитін, баяулау қалыпта жедел өрбитін және  тыртық пайда болатын консолидациялық даму сатыларымен ерекшеленеді. Миокард инфарктісінің дамуындағы ерте болатын күрделі жағдайлар мыналар: кардиогендік шок, өкпенің ісінуі, жүрек ырғағымен өткізгіштік қабілетінің бұзылуы, тромболардың пайда болуы, томпонадоның дамуымен қатар, жүрек талшығы қабырғаларының үзілуі. Кешеуілдеген ауыр жағдайларға жүрек жеткіліксіздігі, инфарктіден кейінгі стенокардия, өткізгіштік қабілетінің бұзылуы, соның ішінде блокада, жүректі ишемиялық ауруы жатады.

Миокард инфарктісіне әкеліп соғатын кең таралған сырқаттардың бірі жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА).Ол – миокардтың зақымдануы, коронарлық артериялардың атеросклерозымен және коронарлық қан айналымы мен жүрек талшығының метоболикалық қажеттіліктердің арасындағы тепе-теңдіктің өзгеріске ұшырауымен ерекшеленеді. Ревматизм, түйілетін периартериит, амилоидоз, сондай-ақ, аортоның басындағы стеноз, аорталық клапанның жеткіліксіздігі жүректің ишемиялық сырқатына жатпайды.

Жүректің ишемиялық ауруы неғұрлым көп тараған  сырқатқа жатады. Ол барлық жүрек ауруларының ішінде 20,5 пайыз үлеске ие. Көбіне 45-55 жастағы адамдар ауырады. Жұмысқа жарамсыздық қағазын алатын науқастардың 17 пайыздан астамы жүректің ишемиялық ауруымен сырқаттанатындар. Ал, 11,2 пайызы миокард инфарктісіне ұшырағандар.

Бүгінгі таңда бұл ауруды емдеудің екі жолы бар. Біріншісі, дәрі-дәрмек терапиясы, екіншісі, коронарлық қан айналымын хирургиялық жолмен түзету. Осы емдеу түрлерінің қайсысын қолданған тиімді екені аурудың даму формасына, коронарлық артериялардың стенозы деңгейіне байланысты. Бүкіл әлемде сырқаттанушылар саны, мүгедектік және кісі өлімі жағынан жүрек-қан тамыры патологиясы бірінші орында тұрса, соның ішінде, жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфарктісі ең алдыңғы орын алады. Сондықтан, бұл аурулармен белгілі бір күрес жолдары туралы айтқанда, темекі мен ішімдікке әуестенбеу, салауатты өмір салты ең басты мәселелердің бірі болып саналады. Осы ауруға шалдыққандар үшін физикалық жүктемені біртіндепқана көбейту, тамақ рационына түзету енгізу, дәрі-дәрмекті уақытында қабылдау, дене салмағын бақылау, стрестер және басқа да абыржушылықтардан аулақ болу сияқты мәселелер айтарлықтай маңызды. Диагнозды уақытында қою, пациенттердің осы аурудың алдын алу шараларын тұрақты сақтауы мүгедектікке ұшырау және өлім-жітімге әкеп соғу көрсеткіштерін анағұрлым азайтады.

Күлзайра АЙМУРЗИНОВА,
Көкшетау қаласындағы  №3 МӘС-нің басшысы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар