Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нашақорлыққа қарсы күрес – көкейкесті мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Нашақорлыққа қарсы күрес – көкейкесті мәселе

1997 жылы БҰҰ-ның кезекті ассамблеясында 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілген болатын. Содан бері айтулы дата әлемнің барлық дерлік елінде аталып өтіледі. Ғасыр індетімен қазір төтркүл дүние жұмыла күресуде.

Дегенмен ол жыл санап көптеген жанның санасын улауда. Сондықтан, осындай шараларды өткізудің маңызы орасан. Өйткені, жастарға нашақорлықтың салдарын көрсету керек, бұл тар, әрі тайғақ жолдың қайда апаратынын ұғындыру керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы – болашақ ұрпақтың жағдайына қауіп төндіріп отырғандығын айта келіп, есірткіге қарсы күресті күшейтуді тапсырғаны баршамызға белгілі. Қоғамның дертімен бірлесе отырып күресу – ортақ міндет. Өйткені, адам – қоғамның басты байлығы. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы, өзін-өзі тәрбиелей білуі, денсаулығын қорғай отырып, адамдық қасиетін жоғалтпауы, салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы өмір сүруінің өзі бір бақыт.

Есірткімен күресу–адамзаттың көкейкесті мәселесі. Аталмыш  індетпен  күресу, одан сақтану, бойын есірткіден аулақ ұстау – әр жастың басты ұстанымы болуы тиіс. Білімге құштар,  бәсекеге қабілетті, тәні таза, денсаулығы мықты, ойы зерек, ақылды, күш-қайраты мол  азаматтар  еліміздің мақтанышы болатындығы сөзсіз.

Қоғам дертінің зиянын жас ұрпаққа түсіндіру мақсатында Көкшетау орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Р.Т.Курсанованың қатысуымен «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама!» тақырыбында денсаулық сағатын өткізді.

Шара барысында Разия Талғатқызы  №10 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен ескірткінің адам ағзасына тигізетін зияны тұрғысында пікір алмасып, оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, денсаулықтың қадірін түсініп,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Есірткіні пайдаланған, сатып-тасыған адамдар заңмен жауапкершілікке тартылатындығын ескертіп, қатысушылар назарына нашақорлықтың салдары туралы роликтер ұсынды. Кітапханашы Айгерім Жанғалиева оқушыларды  «Нашақорлық – қоғам дерті» аттыкітап көрмесімен таныстырды.

Ұрпақ қамын ойлау, қоғам дертімен күресу – әрбір азаматтың міндеті. Денсаулық сағаты «Кімде-кім өз ортасына қадірлі боламын десе, темекі шекпесін! Өз қоғамына пайдалы болам десе, есірткімен әуестенбесін!», – деген үндеумен түйінделді.

    Бақытжан Айдосова,
Көкшетау орталық қалалық балалар және жасөспірімдер
үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар