Еңбек пен демалысты  бірге ұштастырғанда

Облысымыздың курортты аймақтарының бірі – Зеренді ауданының аумағында орналасқан  демалыс кешенінде «Қазпоштаның» 30 жылдығын мерекелеу мақсатында мәдени шара өткізілді. 

Алғашқы мәселе бойынша жұмыс нәтижесін қорытындылай келе, құрылым қызметкерлеріне филиал директоры Қ.Бекенов орын алған кемшіліктер мен алға қойған басым бағыттарды анықтап берді. Кірістер бойынша тапсырманы орындай білген Степногорск қалалық пошта байланысы торабының басшысынакөшпелі кубок тапсырылды.

Сондай-ақ, облыстық филиалдың құрылым басшылары мен кәсіподақ белсенділері тарапынан ұйымдастырылған мәдени-демалыс іс-шаралары барысында түрлі байқаулар, спорттық ойындар өткізілді. Аталған іс-шараға облыстық филиалдың, яғни, жергілікті жерлердегі қалалық және аудандық пошта байланысы тораптарының барлық қызметкерлері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Мәселен, байланыс операторлары арасында өткізілген «Үздік оператор», инкассаторлар арасында өткізілген «Үздік инкассатор» және пошта хат тасушылары арасында өткізілген «Үздік хат тасушы» атты байқауларда пошта саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби маман екендіктерін көрсете білді. Аталған сайыстарға белсенді қатысып, үздік өнерлерімен көзге түсе білген қызметкерлер және командалар түрлі номинациялар бойынша ақшалай және бағалы заттай сыйлықтармен марапатталды.

Атап айтсақ,«Үздік оператор» номинациясы бойынша 1 жүлделі орынды Жарқайың АПБТ операторы Шынар Садықбекова, «Үздік хат тасушы» номинациясы бойынша 1 жүлделі орынды Көкшетау қалалық жеткізу қызметінің жаяу курьері Елена Александрова, «Үздік инкассатор» номинациясы бойынша 1 жүлделі орынды Астрахан АПБТ инкассаторы Сейітжан Мұрат жеңіп алып, тиісті марапаттарға ие болды.

Жалпы, өткізілген мәдени-демалыс іс-шараларына белсенді қатысып, командалық топ болыпжақсы өнер көрсеткен байланыс торабтары бойынша бірінші жүлделі орынды Бурабай, екінші жүлделі орындыАқкөл, ал, үшінші жүлделі орындарды өзара Атбасар және Жарқайың АПБТ-лары жеңіп алып, әр ұжым ақшалай сыйлық, арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Өткізілген мерекелік іс-шаралар барысында филиал қызметкерлері жақсы дем алып, көңіл көтеріп, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, бір марқайып қалды. Мәдени демалыстың көңілдерінен шыққандығы соншалықты, ұйымдастырушыларға айтар алғыстарында шек болмады.

Кеш соңында «Қазпошта»АҚ Ақмола облыстық филиалының басшысы Қайрат Бекенов өткізілген іс-шараларға қатысқан барлық пошта саласының қызметкерлеріне алғысын білдіре келе, жұмыста тек сәттілік тілеп, толағай табыстарға жете біреңіздер деп ағынан жарылды.

Осындай мазмұнды да көңілді мәдени демалыс іс-шараларының ұжым мүшелерінің өз жұмыстарына деген ынта-жігерлерін арттырып, ортақ іске деген ынта-ықыластарын еселей берері сөзсіз.

                                           Сәуле ҚАЗЫКЕНҚЫЗЫ,
«Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы
HR бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар