Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күн тәртібінде – орақ, жылу, еңбекақы мәселелері - АРҚА АЖАРЫ

Күн тәртібінде – орақ, жылу, еңбекақы мәселелері

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген аппарат кеңесінде орақ  жұмыстарын жүргізудің барысы, кәсіпорындардың еңбекақы жөніндегі қарызы және алдағы жылу беру маусымына дайындық туралы мәселелер қаралып, талқыланды.

Аппарат кеңесіне облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин,  облыс әкімінің орынбасарлары,  Көкшетау қаласының әкімі, облыстық басқармалардың басшылары, ұлттық компаниялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының  өкілдері қатысты. Егін орағының барысы туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан хабарлама жасады. Облыста бүгінгі таңда
4 миллион 328,7 мың гектар дәнді дақылдар алқабының 1 миллион 393,6 мың гектары орылып, 1 миллион 233,8 мың гектары бастырылған. Бұл тиісінше барлық алқаптың 32,2 және 28,5 пайызы. Астықтың жалпы түсімі 1 миллион 554,6 мың тонна болып отыр. Әр гектардың шығымдылығы орташа есеппен 12,6 центнерден айналуда. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 4,5 центнерге артық.
Қыркүйектің 2-сінен бастап жұмыс қарқыны өсіп, күндік жоспар асыра орындала бастады. Қазір тәулігіне 200 мың гектардың астығы бастырылуда. Элеваторларға 300 мың тонна астық өткізіліп, 88,3 мың тонна тұқым құйып алынды. Аудандарда күзгі дала жұмыстарын уақытында, сапалы жүргізу үшін барлық шаралар қолданылуда.
Аппарат кеңесінде облыс әкімі биыл астық шығымының жақсы екенін атап өтіп,  оны шашпай-төкпей жинап алу міндетін қойды. «Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» акционерлік қоғамы әлі күнге өздері сатып алатын бидайдың бағасын белгілемеген. Ал, іс жүзінде бидай бағасы орақтың бірінші күнінен қойылуы керек және ол ауыл еңбеккерлерінің еңбегіне сай дұрыс болуы тиіс. Кеңес барысында осы мәселеге де назар аударылды.
Кәсіпорындардың еңбекақы жөніндегі қарыздары туралы баяндаған еңбек инспекциясы жөніндегі облыстық басқарма басшысының міндетін атқарушы Дүйсенбек Баймұсынов өз сөзінде бүгінгі таңда 19 кәсіпорынның 1106 қызметкердің алдында 477,2 миллион теңге қарызы барын алға тартты. Оның 45,3 миллион теңгесі қазіргі қарыз, 124,5 миллион теңгесі бұрыннан келе жатқан қарыз болып табылады. Ал, 307,4 миллион теңгесі банкротқа ұшыраған 14 кәсіпорынның қарызы. Еңбекақы қарызынан Степногорск қаласындағы  «SARECO» бірлескен кәсіпорны топ бастап келеді. Оның қазіргі, бұрынғы қарыздарын қоса есептегенде, 107,2 миллион теңге қарызы бар. Бүгінгі таңда кәсіпорын жұмыс істемей тоқтап тұр. Соған орай, қарыздың да қашан жабылатыны белгісіз. Осыған байланысты облыс әкімі тез арада бұл мәселені «Казатомпром» басшыларының алдына қоюды тапсырды. Бұған дейін де бұл жағы осы бас мекемеге мәлім етілген көрінеді. Бірақ, қарыз жабылмауда.
Келесі болып кеңесте алдағы жылу беру маусымына дайындықтың барысы қаралды.  Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченко жасаған хабарламада жөндеу жұмыстарының кестеге сай жүргізіліп келе жатқандығы айтылды. Бұл мақсатқа облыс бюджетінен 1,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. 304 мың тонна көмір дайындалған көрінеді. Мұның өзі екі айдың қажетіне жуық. Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 670 бу қазандығы жөнделіп, 51 шақырым жылу құбыры тартылған. Сөйтіп, жоспар тиісінше 98 және 86 пайызға орындалып тұр.
Әйтсе де, биыл жеңілдетілген мазут құны  өсетінге ұқсайды. Әзірше оның тоннасы 45400 теңге болады деп күтілуде. Бұған жол шығынын қосқанда 52 мың теңге болып шыға келеді. Осының өзі-ақ 1 миллиард 900 миллион теңгені қажетсінетіндіктен, бұл мәселе облыс басшылығын алаңдатып отыр. Жалпы алғанда, алдағы жылу беру маусымына дайындық жайы облыстық әкімдік, басқарма тарапынан ұдайы назарда ұсталуда.
Аппарат кеңесінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бұдан басқа да ағымдағы  мәселелер қаралды.     
«Арқа ажарының» өз ақпараты.           

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар