Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үй төбесіне жасырылған құран - АРҚА АЖАРЫ

Үй төбесіне жасырылған құран

 Биыл, яғни, 2023 жылы Зеренді ауданы Дөңгілағаш ауылында Болатбек Кәрімовүйінің шатырын жөндеп жатқанда құндақтап ораған құран кітабын тауып алды. Бұл үйді 1957 жылы Қаппас Бекенұлысалып, 1977 жылы жұбайы  Күлбарам Мақанқызы ағайыны Қабылтай Кәрімовке сатқан. Осындай кітап табылды дегеннен кейінмен ауылдың молдасы Жақия қажының баласы Сейфолланы апарып көрсеттім. Әрине, бір жарым ғасырға жуық сақталғандықтан, уақыт біраз өзгерістер кіргізген. Кітаптың мұқабасында мешіттің суреті, арабша жазуы және орысша «Проведена цензура 23 октября 1890 году. Санкт-Петербург» деген жазуы бар.

  Бұл кітаптың осы үйдің шатырында сақталуының себебі былай болуға тиісті. Бекше-Тотақай баласы Итжаннан Бегалы, Бекен, Мүсәйіп есімдіүш ер балаболған. Бекен 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында болыс болған адам. Ол кісінің салдырған кесенесі Кеңөткел ауылында мектеп болды, қазір тұрғын үй. Ал, Бегалы ауқатты адам болған деседі. Мүсәйіпқа келсек, ол кісі Науан хазіреттен тәлім алған Қызылсаядағы Мейрам молла, Биіктесіндегі Масұғыт молла, Бірлестіктегі Ғарып молла, Жолдыбайдағы Қожахмет молла қатарлы діни білімі жоғары кісі.

1929 жылдары кеңес өкіметі балаларды оқыту үшін Қызыл отау ұйымдастырғанға дейін Мүсәйіп молла Тотақай ауылының, көрші ауылдардың балаларына араб әліпбиін, құран оқытып үйреткен жан. Елде молда аты шыққан.

1929 жылдары кеңес өкіметі балаларды оқыту үшін Қызыл отау ұйымдастырғанға дейін Мүсәйіп молла Тотақай ауылының, көрші ауылдардың балаларына араб әліпбиін, құран оқытып үйреткен жан. Елде молда аты шыққан. Айта кетсек, Нұралы балалары Сапа, Шәрбан, Рүстем, Бегалы балалары Сағит, Хамит, Аманжол, Бекен балалары Қаппас, Сапура, Рәшит болып кете береді. Нұралы баласы Рүстем Әлиев Момақан имамның тұсында мешіттің ондық кеңесінің мүшесі болған.Бекенұлы Қаппас құраннан үш шыққан білгір шәкірті ретінде аталған.

Айта кетсек, Нұралы балалары Сапа, Шәрбан, Рүстем, Бегалы балалары Сағит, Хамит, Аманжол, Бекен балалары Қаппас, Сапура, Рәшит болып кете береді. Нұралы баласы Рүстем Әлиев Момақан имамның тұсында мешіттің ондық кеңесінің мүшесі болған. Бекенұлы Қаппас құраннан үш шыққан білгір шәкірті ретінде аталған. Мүсәйіп атамыз Бөкей руынан Қожағұлқызы Бәтимамен отбасын құрып, жалғыз Қадиша деген қыз сүйеді, бірақ, ол кісі ерте қайтыс болғансоң ағасы Бекеннің екінші баласы Рәшитті бауырына салады. Ұлы Отан соғысы басталғанда жұрт қатарлы Бекеннің үш ұлы да соғысқа аттанған соң Мүсәйіп шаңырақ көтерген Қаппас үйіне кіріп, соғыстың аяқ кезінде біздің үйде қайтыс болыпты. Бәйбішесі Бәтима да 1967 жылы көктемде біздің үйде қайтыс болды. Екеуі де Дөңгілағаш зиратына қойылған. Мүсәйіп атаны көрмегенмен, біздің үйде бұл кісінің кезінде шеберге жасатқан үш нәрсесі болды, олар: біріншісі – құран жәшік, екіншісі бауырына салған баласына жасатқан қазақи ертоқым, қазір менің үйімде сақтаулы, үшіншісі ағаш табақ, оны Айдарлы ауылындағы Дүйсен бабамызға арнап ашылған мектеп мұражайына тапсырғанмын, қазір сол мұражайда сақтаулы.

Құранның шатырға жасырылуының себебі мынау болуға тиісті. Әкем Қаппас Бекенов кезінде Петропавлда «Учительская семинарияны» тәмамдаған мұғалім еді, ол Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа білетін, себебі, сол кісіден дәріс алса керек.

Өтелбай Жұмабаев, Хамит Сағитов, Қадіржан Бижанов, Кенжебай Тәттіғожин, бәрі бірге оқыған. Жоғарыда айтылған Бекен Итжанов 1937 жылы «халық жауы» аталып, Коми АСР-інде қаза тапқан. Сондықтан, халық жауының баласы ретінде қуғын көрген соң Булаев  ауданында мұғалім болып жүріп, соғысқа аттанып кеткен. Ол офицерлік курсты тәмамдап, партия қатарына алынып, аға лейтенант шенінде оралған. Көп жылдар бастауыш партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған. Ол кездері қызыл атеизм құрығына ілігу қаупі зор болғандықтан, қасиетті құранды жасыруына тура келген болуы керек.

Мақаланы Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген нақыл сөзімен аяқтай келе, осыншама уақыт өтседе құранның шірімей, құрт-құмырсқа кемірмей, бір күні жарыққа шыққанына таңырқай отырып оқырман қауымды әрдайым Алланың құдіретіне бас иіп, тәубамызға келуге шақырғым келеді.

Қайдар БЕКЕНОВ.

Қонысбай ауылы,

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар