— Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы Сарыкөл көлінің жағалауында 100 гектар аумақта қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға орнында ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары жұмыс істеп жатыр.
Ертең күндізгі уақытта қызыл жалынды тезірек сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылады.
«Елді мекендерге қауіп жоқ» деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ақмола облысының ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.