ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ақмола облысына сапары барысында Көкшетау қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, колледж оқытушыларымен, этномәдени бірлестік өкілері және қаладағы ардагерлермен кездесті.
Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова кездесу барысында жиналғандарды жоғарғы заң шығарушы органның жұмыс қорытындыларымен, заң шығару қызметінің ерекшеліктерімен, Мәжіліс депутаттарының республика өңірлеріне сапары барысындағы ел тұрғындары көтерген мәселелердің сипатымен таныстырды.
Сондай ақ, ол «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы аясында салынып жатқан Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің жатақхана құрылысымен танысты.
Бүгінгі таңда жатақхана құрылысына ішкі инженерлік желілерді монтаждау жұмыстары аяқталып, терезелерді орнатқан. Жертөлеге еден төселіп, екінші қабаттың қабырғаларын сылау жұмыстары жүргізілуде. Жатақхананы биылғы жылдың аяғына дейін аяқтап, тапсыру жоспарланған. Бұл 300-ден астам студенттің жатын орынын қамтамасыз етпек.
Жалпы, көкшетаулық тұрғындармен кездесу барысында таза ауыз сумен қамту, жолдардың жөнделуі, жас мамандарды баспанамен қамту, медициналық-әлеуметтік сақтандыру қорына байланысты көптеген сұрақтар келіп түсті.
Өз кезегінде Айна Ермекқызы қойылған сұрақтардың көпшілігіне жан-жақты жауап беріп, заңнамалық өңдеуді қажет ететін мәселелерді алдағы жұмыс үшін жазып алды.