Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елге еңбегімен сыйлы маман - АРҚА АЖАРЫ

Елге еңбегімен сыйлы маман

Астрахан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Тамара Юрьевна Колесниковаелге еңбегімен сыйлы жандардың бірі. Коронавирус инфекциясы кезінде ауданда алғашқылардың бірі болып, елге қолұшын берген ақ халатты абзал жандардың бірі осы Тамара Юрьевна. 

Ол 1967 жылы 9 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1987 жылдың 1 сәуірінде Шымкент медициналық училищесін тәмамдап, жас маман атанады. Сол жылы Тамара  анасымен Астрахан ауылына қоныс аударыпты. Бір ғажабы, сол жылғы көктемде Астраханда қатты боран  соғып, халықты әбігерген түсіргені бар. Оңтүстіктің қызы жер көктеген көктем мезгілінде ақ түтек боранның соққанын көріп, таңқалғаны күні бүгінгідей есінде. Бірақ, солтүстікте күн суық болғанымен, адамдары жайсаң ғой.  Жас маманды бұл жақтың халқы жатырқаған да, жатсынған да жоқ. Ол осылайша санитарлық дәрігердің көмекшісі ретінде жұмыс жолын бастайды. Уақыт дегенде тұрлау бар ма?! Мінекей, 35 жылдан бері Тамара Юрьевна Астрахан ауданында ел игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Осы жерде екінші тағдырымен табысып, отбасын құрды.

Қазіргі таңда Тамара Юрьевна Астрахан аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. Ол иммунопрофилактика, қауіпті инфекциялар, паразитология, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімін басқарады. Сонымен қатар Астрахан ауданының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары қызметін қатар алып жүр.

Әртүрлі вакциналарды енгізу ережелерін, медициналық қарсы көрсеткіштерді, вакцинадан кейінгі асқынулар туралы жақсы біледі. Көптеген жылдар бойы жұқпалы дерт туберкулездің алдын алу бағытында да еселі еңбек етті. Біздің елімізде коронавирустық инфекцияның алғашқы тіркелуі басталған сәттен Тамара Юрьевна медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтерін жүргізе бастады. Ұйқысыз түндер, кез келген уақытта  соғылатын сансыз қоңыраулар мен қойылатын сұрақтарға жауап беріп, адам өмірі үшін күрескен күндерінің бәрі есте. Сол еселі еңбегі еш кеткен жоқ. Пандемияға қарсы күреске үлкен үлес қосқаны үшін 2020 жылы «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Тамара Юрьевна айналасындағы барлық нәрсеге үлкен әлеуметтік белсенділікпен  қарайтын маман ретінде белгілі. Ол осы білгірі ғана емес, ардақты ана және аяулы әже. Оқыған-тоқығаны мол майталман маман бос уақыты бола қалса, өзіне тән құштарлықпен театрлар мен  мұражайларға барып, бойына рухани қуат алуды жөн санайды. Бірақ, ең қымбат уақыты – немерелерімен өткізген уақыт деп біледі.  Жалғанда  адам бақытты болуы үшіналдымен өзі жақындарына мейірім сыйлауы керек деген қағидатты өмірлік ұстанымы етіп ұстап келе жатқанына міне, қанша жыл.

Жүзінен мейірімі, бойынан ізгілігі білініп тұратын білікті әріптесіміздің отбасына амандық тілей отырып, алдағы уақытта да абырой биігінен көріне беріңіз демекпіз.

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау
басқармасының  баспасөз қызметі.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар