Таза ауыз су беріледі деп күтілуде

Ел жағдайы

Первомай ауылындағы халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған негізгі жобаның бірі болып саналатын су құбыры желілерінің құрылысы аяқталуға жақын.

Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде Первомай ауылында су құбыры желілерін салу жұмыстары қолға алынған болатын. Жобаны жүзеге асырушы мердігер компания – «Ақ Нұр Астана 2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінгі күнге дейін мұнда ауылішілік желілер тартылып, сорғы станциясының ғимараты салынған. Маңайы қоршалып, негізгі су құбырының құрылысы аяқталыпты.

– Камышенкадан бастап Первомай ауылына дейін тартылған су құбыры желісі, соның ішінде су сорғысы дайын. Қазір маңайында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алаңда 2 резервуар қойылған.  Жалпы алғанда жұмыстың төрттен үші аяқталып қалды десек болады, – дейді жоба жетекшісі Николай Волошин.

Бір мыңнан астам тұрғыны бар ауыл жақын арада тіршілік көзі – таза ауыз суға қол жеткізеді.

– Жобаның сметалық құны 1502,0 миллион теңгені құраса, оның 147 миллион теңгесі облыстық бюджеттен бөлінген.

Су құбыры жүйесін іске қосу ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартады және санитарлық жағдайларға, халықтың денсаулығына, сондай-ақ6 жалпы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді деген сенім мол.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында. Нысан жақын арада пайдалануға беріліп, ішер суымыз жеткілікті де таза болса екен деген ел тілегі ақыры, орындалатын жайы бар.

Ы.ШАМШИЕВА.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар