Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тегін демалыс екі қордың қаржысына ұйымдастырылды - АРҚА АЖАРЫ

Тегін демалыс екі қордың қаржысына ұйымдастырылды

Биыл облысымыз бойынша балалардың жазғы демалысы 14 сауықтыру орталықтарының базасында жүзеге асырылуда. Оның жалпы жобалық қуаты бір маусымда 2690 орынды құрайды.

Соның ішінде Атбасар, Ақкөл, Зеренді, Бурабай, Ерейментау аудандары мен Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында мемлекеттік лагерьлер өз жұмыстарын жалғастыруда. Ал, Бурабай және Зеренді аудандарында жекеменшік лагерьлер орналасқан.Мемлекеттік лагерьлерге жолдаманың орташа құны 35-105 мың теңге болса, жеке лагерьлерде 90-110 мың теңге аралығын құрайды.

– Жаздың соңына дейін облыс пен республиканың қала сыртындағы лагерьлерінде 14700 мыңға жуық ақмолалық оқушылардың дем алуы жоспарланған. Осы балалардың ішінен 1500 оқушы тегін демалуға тиіс. «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін жолдама сатып алуға 85,5 миллион теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама көп, – дейді Ақмола облыстық білім басқармасының басшысы Ш.Оразалин.

Қазіргі таңда тегін дем алатын 1500 оқушыдан Бурабай және Сандықтау аудандарында 70 бала ғана қалды. Олар жаздың соңына дейін жалпыға бірдей оқу қоры бойынша тегін демалады.5 маусымнан бастап әлеуметтік осал топтардың ішінен кезекті 150 бала «Звездный» балалар сауықтыру орталығы базасында демалыстарын өткізді.

Биыл алғаш рет бүкіл республика бойынша Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, «Қазақстан халқы» қорының қаражатынан 5-8 сынып оқушыларына тегін демалыс ұйымдастыру бойынша «Жаздық жолдама» жобасы іске асырылып жатыр.

Осы жоба аясында Ақмола облысының 640 оқушысы жаз бойы «Сұңқар» лагерінде демалады. Қазіргі уақытта 215 бала бірінші, екінші маусымда демалды, ал, тамыз айына қалған 425 оқушының демалысы жоспарлануда. Олар – оқу үздіктері және шығармашылық және зияткерлік байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары.

Осылайша жаздың соңына дейін әлеуметтік осал топтардан 2385 оқушы қала сыртындағы демалыспен қамтылатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар