Ақмола облысының прокуроры А.С.Майлыбаев Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №65 мекемесінде тергеу тұрғысында қамауға алынған және осында ұсталатын сотталғандарға жеке қабылдау жүргізді.
Облыс прокуроры қабылдау барысында аталған мекемедегі құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің тарапынан ұсталатын адамдардың құқықтарының бұлжытпай сақталуына қатаң назар аударды.
Азаптау және басқа да адамгершілікке жатпайтын, ар-намысты қорлайтын қатыгездік фактілеріне жол бермеу мақсатында облыс прокурорына мекемеде орнатылған жедел бақылау орталығының, ондағы барлық бейнекамералардың жұмысы көрсетілді. Атап айтқанда, прокуратураның қадағалауымен барлық мүмкін болатын ықтимал тұстар назардан тыс қалмады.
Жеке қабылдау және аралау нәтижелері бойынша мұндағы адамдардан ұстау шарттарына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
Ақмола облысының прокуратурасының материалдары бойынша.