Балалар демалысын ұйымдастырудағы заң бұзушылықтар

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасы бойынша Ақмола облысының прокуратурасы балалардың сауықтыру орталықтарының қызметіне кешенді тексерулер жүргізуде.

Тексерудің алдын ала нәтижелеріне келсек, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық заңнамалардың, өрт қауіпсіздігі, еңбек және білім беру талаптарының бұзылуы анықталды.

Мысалы, орталықтардың бірінде 21 қызметкердің 18-і жұмысқа еңбек шарттарынсыз және санитарлық кітапшаларсыз қабылданған. Лагерьде бір мезгілде белгіленген 100 баланың орнына одан көп балалардың болу фактілері көрініс берді, яғни, іс жүзінде 170 бала демалып жатқан болып шықты.

Орталықтың аумақтары мен үй-жайларын тексеру кезінде спирттік ішімдіктерден қалған бос бөтелкелер, темекі бумалары, құрамында спирті бар сусындарды өндіруге арналған аппарат, пневматикалық қару, балалар лагерінің ас үй аймағында сақталған тышқанның уы және басқа да тыйым салынған заттар табылды.

Кейбір сауықтыру орталықтарының әкімшіліктері өздерінде дем алып жатқан балаларды тиісті нұсқаушылардың сүйемелдеуінсіз жаппай шомылу орындарына апару фактілері анықталды. Тексеріс одан әрі жалғасуда және оның нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар