Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Немістердің көмегімен биогаз зауытын салу жоспарлануда - АРҚА АЖАРЫ

Немістердің көмегімен биогаз зауытын салу жоспарлануда

Есіл ауданында 500 кВт биогаз зауытын салу көзделіп отыр. Бүгінгі таңда «Алтын дала Goldex» ЖШС-нің «biogas Servise Tarmstedt GmbH» ірі неміс компаниясымен ынтымақтастық ниеті туралы шартқа қол қойылды.

Бұл компания мұндай қондырғылардың құрылысын тек Еуропа елдерінде ғана емес, Оңтүстік Америкада да жүзеге асырады. Биогаз өндірісінің артықшылығы, ол мал қалдықтарының қорын азайту, оларды құнды тыңайтқыш ретінде пайдалануды оңтайландыру, парниктік газдар шығарындыларын шектеу арқылы қоршаған ортаға кері әсерді азайтады. Газ қондырғысынан кейін пайдаланылған шымтезек түріндегі қалдықтарды егістіктерде пайдалануға болады, бұл органикалық заттарды қажет ететін жерлерді қоректендіруге мүмкіндік береді.

–«Алтын дала Goldex» ЖШС жобаны іске асыруға жәрдемдесу, оны одан әрі сүйемелдеу, құрылысты бастау үшін құжаттарды жинауға көмектесу және тағы басқа да осы тектес мәселелер бойынша шет елдік компанияға өтінішпен жүгінді. Германияға жұмыс сапарының нәтижесінде одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының Есіл филиалының директоры Руслан Югай.

Бүгінгі таңда аудан аумағында зауыт құрылысы үшін тиісті жер учаскесі бөлінді, онда жақын арада нысанды монтаждау және көп кешіктірмей іске қосу үшін дайындық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыс түрлеріне отандық мердігер ұйым – «Djenco enginiring» ЖШС тартылды. Құрылысты келесі жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Көзделіп отырған инвестиция көлемі 3 миллион еуродан асады.

Неміс кәсіпкерлерімен кездесу барысында ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектерді сату, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы құралдарын жинау бойынша хаб құру мәселелері де талқыланды. Жоба «Fricke» неміс компаниясымен бірлесіп әзірленді, онымен қазақстандық компанияға дистрибуция құқығын келешекте тек Қазақстан аумағында ғана емес, бүкіл Орта Азия бойынша беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

–Біздің еліміз шетелдік инвесторлар үшін өте тиімді сауда алаңы болып табылатынын ескерсек, бұл келіссөздер Ақмола өңірінің ғана емес, жалпы, елдің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Бұған қоса, биогаз зауытын салу жобасы экология тұрғысынан да тиімді, өйткені, биогаз жаңартылатын энергия көздері арасында әмбебап болып табылады және оны пайдалану атмосфераға зиянды метан шығарындыларын азайтуға ықпал етеді, – дейді өз сөзінде Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Әсел МҰХАМЕД-АМИН. 

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар