Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің артықшылықтары - АРҚА АЖАРЫ

Электрондық форматта көрсетілетін қызметтердің артықшылықтары

Электрондық мемлекеттік қызметтер әрқашан ыңғайлы, қолжетімді, жылдам, сапалы, сенімді және ашық.Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бизнес-процестер үнемі жаңартылып отырады, бұл өз кезегінде халыққа оларды қысқа мерзімде, сапалы алуға мүмкіндік береді.Мысалы, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу желісі бойынша бірқатар бизнес-процестің жетілдірілуін атап өтуге болады.

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында (ЭҮП) заңды тұлғаның, яғни, филиал мен өкілдіктің басшысын өзгерту жөніндегі бизнес-процесс іске қосылды.Бұл процесс заңды тұлғаларға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде тіркеуші органның қатысуынсыз заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді дербес өзгертуге мүмкіндік береді.

Осылайша заңды тұлғалардың жұмыс уақытын үнемдеу мүмкіндігі бар, өйткені, белгілі бір құжаттарды жинаудың қажеті жоқ, тіркеуші органға жүгіну қажеттілігі алынып тасталады.Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ, акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының не ережесінің телнұсқасын беру жөніндегі бизнес-процесс тек ЭҮП арқылы жүзеге асырылады.Бұрын аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құраған еді. Қазіргі уақытта бұл мерзім бір жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Осы бизнес-процесстің негізгі артықшылығы, Жарғыны не Ереженіжоғалтқан жағдайда, заңды тұлғалардың кеңседен шықпай-ақ телнұсқа беру бойынша мемлекеттік қызметке «бір шерту» арқылы тапсырыс беру мүмкіндігі бар және бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» заңды тұлға жарғысының (ережесінің) телнұсқасы электрондық форматта жіберіледі.Осы бизнес-процесстерден басқа, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетуді жетілдіру бойынша басқа да көптеген мысалдар бар.

Сөзімді қорытындылай келе, әділет органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп отыратындығын атап өткім келеді.

Тілеген ӘУБӘКІР,
Ақмола облыстық әділет департаменті коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу
және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар